phone [fəʊn] A.n (also rather formal telephone) 1.телефон ♦I have to make a phone call. – Телефон шалуым/ Звондауым керек. ♦The phone rang and Pat answered it. – Телефон шыр етті де Пәт жауап берді. ♦Can someone answer the phone? – Телефонға біреу жауап берер ме екен? ♦I hadn't got my phone with me. – Телефоным өзіммен емес. ♦by ∼ They like to do business by phone. – Олар істі телефон арқылы тындырғанды жақсы көреді. ♦on the ∼ I talk to my family on the phone. – Үй-ішіммен телефонмен сөйлесемін. ♦over the ∼ I can't talk about this over the phone. – Бұл жайлы телефон арқылы/ телефонмен айта алмаймын. ♦a phone bill – телефон счеты ♦They want to put up a new phone mast next to the school. – Олар(дың) мектеп жанында жаңа телефон бағанын орнатқысы келеді. ♦Most people only need one phone line. – Адамдардың көбіне бір телефон желісі жетеді/ жетіп жатыр. ♦to pick up the phone – телефонды алу/ телефон трубкасын көтеру ♦to put the phone down – телефонды/ телефон трубкасын қою ♦to take the phone off the hook – телефон трубкасын орнынан алып қою (сонда ешкім звондай алмайды) 2. -phone ♦dictaphone – диктофон ♦xylophone - ксилофон 3. -phone ♦anglophone – англофон (ағылшын тілді адам) ♦francophone – франкофон (француз тілді адам) 4. (phonetics) дыбыс 5. (idm) *be on the phone a) телефон қолдану ♦He's been on the phone to Kate for more than an hour. – Ол Кейтпен бір сағаттан артық сөйлесті. ♦She's on the phone at the moment. – Қазір ол телефонмен сөйлесіп жатыр. b) (BrE) телефоны болу ♦They're not on the phone at the holiday cottage. – Олардың демалыс коттедждерінде телефон жоқ. B.v 1. (especially BrE) (BrE also phone up) телефон шалу, звондау (syn: call) ♦I was just phoning up for a chat. – Әншейін әңгімелесейін деп телефон шалған едім. ♦He phoned to invite me out for dinner. – Ол маған звондап, тамаққа шақырды. ♦∼ for smth Someone phone for an ambulance! – Біреуің жедел жәрдемге шалыңдаршы! ♦∼ back Could you phone back later? – Кейінірек қайта шаласыз ба? ♦For reservations, phone 020 281 3964. – Резервациялар үшін 020 281 3964 телефонына шалыңыз. ♦Phone them up and find out when they are coming. – Оларға звондап, қашан келетінін білші. 2. (phr v) *phone in (especially BrE) a) өзі істейтін жерге телефон шалу ♦Three people have phoned in sick already this morning. – Бүгін таңертеңгісін үш адам телефон шалып ауырып қалғанын айтты. b) телерадиоға телефон шалу ♦Listeners are invited to phone in with their comments. – Тыңдармандар телефон шалып, пікір білдіру(лер)іне болады. *phone smth in (especially BrE) өзінің жұмыс орнына звондап бірнәрсе айту ♦I need you to phone the story in before five. – Бестен бұрын осы жайлы маған звондап хабар беруің керек.