phrase [freɪz] A.n 1.фраза, сөз тіркесі ♦a memorable/catchy phrase – есте қаларлық/ ойға тез түсетін фраза/ сөз тіркесі ♦‘Start slowly’ is the key phrase for the first-time marathon runner. – «Асықпай баста» деген сөзді марафонға алғаш қатысушылар әрқашан есте ұстауы керек. ♦She was, in her own favourite phrase, ‘a woman without a past’. – Өзі ылғи айтатындай, ол «өткен өмірі жоқ әйел» болатын. ♦colourful words and phrases – балдай тамған/ қымызша сапырылыған сөздер мен сөз тіркестері/ фразалар 2. (grammar) фраза, сөз тіркесі (м: ‘the green car’ не ‘on Friday morning’) ♦a two-word phrase – екі сөзден құралған фраза/ сөз тіркесі 3. (music) фраза (бірнеше тізбектен құралған ырғақ) 4. (idm) *to coin a phrase фраза түю a) жұртқа белгілі фразаны сәл өзгерткенде айтылады ♦Tasting is believing, to coin a phrase! – Дәмін тату – көзі жету дейді емес пе. (бұл жерде ‘seeing is believing’ деген кең таралған сөз тіркесі сәл өзгеріп тұр) b) белгілі фразаны қолданғанда айтылады ♦Oh well, no news is good news, to coin a phrase. – Жә, бопты, жаңалықтың жоқтығы жақсы жаңалық дейді емес пе. *a turn of phrase сөз саптау, сөйлеу/ сипаттау салты/ стилі ♦He is meticulous in his choice of words and turns of phrase. – Сөз саптағанға келгенде ол - өте мұқият. B.v 1.сөз саптау, сөз талғау ♦∼ smth a carefully phrased remark – мұқият сапталған сөз ♦I agree with what he says, but I'd have phrased it differently. – Оның айтқанымен келісемін, алайда ойымды басқаша білдірер едім. ♦She phrased the explanation in very simple terms. – Ол өте жай/ қарапайым тілмен түсіндірді. ♦∼ smth as smth Her order was phrased as a suggestion. – Ол бұйрығын кеңес ретінде білдірді. 2. ∼ (smth) музыканы бірнеше тізбекке бөлу ♦The concerto's slow movement was beautifully phrased. - Концерттің баяу ырғағы әдемі тізбектелген.