pick [pɪk] A.v 1. (rather informal) таңдау, іріктеу, таңдап/ іріктеп алу ♦∼ smb/smth Pick a number from one to twenty. – Он мен жиырманың арасындағы бір санды/ нөмірді таңдау. ♦They are picking the final team this weekend. – Финалға команда осы апта соңында іріктеледі. ♦It's time to pick a side. – Енді - бір жақты/ тарапты таңдайтын уақыт. ♦He picked his words carefully. – Ол сөзін мұқият саптады. ♦At the beach we picked a spot to sit down. – Пляжда отыратын тұс таптық. ♦∼ smb/smth to do smth He has been picked to play in this week's game. – Оны осы аптадағы ойынға іріктепті/ алыпты. ♦∼ smb/smth for smth Have you been picked for the team? – Сені командаға іріктеді ме/ алды ма? ♦∼ smb/smth as smth It was picked as the best film in the competition. – Оны конкурстағы ең үздік фильм деп таңдады. 2. ∼ smth (гүлді, жемісті, тб) үзіп алу, үзу, теру, жұлу ♦to pick grapes/strawberries/cotton – жүзім(ді) үзу/ бүлдірген/ мақта теру ♦flowers freshly picked from the garden – жаңа ғана бақтан жиған гүлдер ♦The common was a great place to go blackberry picking. – Жайылым қара бүлдірген тергенге тамаша жер екен. 3.теру, алу, шұқу, тб ♦∼ smth She picked bits of fluff from his sweater. – Ол свитеріндегі қылшықтарды терді. ♦He picked the nuts off the top of the cake. – Ол торт ұшындағы жаңғақтарды алды. ♦Names were picked at random out of a hat. – Қалпақтан аты-жөні жазылған қағаздардың қолға іліккенін алды. ♦∼ smth to pick your nose – мұрнын шұқ(ыла)у ♦to pick your teeth – тісін шұқ(ыла)у ♦∼ smth The dogs picked the bones clean. – Иттер сүйектерді тап-таза етіп мүжіді. 4. (NAmE) (also pluck) ∼ (smth) (гитарды, тб) тере/ теріп ойнау 5. (idm) *have a bone to pick with smb (informal) [қ-з: bone (A3)] *pick and choose өз қалағанын таңдау ♦You have to take any job you can get - you can't pick and choose. – Қолың жеткен кез-келген жұмысқа тұр – таңдап жататын жайың жоқ. *pick smb’s brains (informal) «біреудің миын шұқылау», біреуден бірнәрсе жайлы білгісі келіп көп сұрақ қою ♦I need to pick your brains: what can you tell me about credit unions? – Сенің біраз басыңды қатырайын дегенмін: кредит одақтары жайлы не айта аласың? *pick a fight/quarrel (with smb) төбелес/ ұрыс бастау ♦He had drunk too much and was ready to pick a fight with anyone who crossed his path. – Оның сылқия ішкені соншама, жолындағы кез-келген адаммен төбелесуге дайын еді. ♦She tried to pick a quarrel with me. – Оның менімен ұрсысқысы келді. *pick holes in smth (жоспардың, ұсыныстың, тб) осал тұсын табу ♦It was easy to pick holes in his arguments. – Оның дәлелдеріндегі осал тұстарды табу қиын емес еді. *pick a lock [қ-з: lock (B9)] *pick smb’s pocket қалтасына түсу, қалтасынан ұрлау ♦The back pocket on a pair of jeans is the easiest one to pick. – Джинсының арт қалтасына оңай түссе болады. *pick/pull/tear smb/smth to pieces/shreds (informal) «быт-шыт қылу», ащы сынау, ащы сынға алу ♦Their case was torn to shreds by the defence lawyer. – Істі қорғаушы адвокат ту-талақай етті. *pick up the bill, tab, etc. (for smth) (informal) төлеу ♦The company picked up the tab for his hotel room. – Компания оның қонақ үй шығынын төледі. ♦The government will continue to pick up college fees for some students. – Үкімет кейбір студенттердің колледжде оқуы үшін төлей беретін болады. *pick up the pieces құрау, жиыстыру, (жайсыз жағдайдан, апаттан кейін) қалыпты күйге оралу не оралтуға тырысу ♦After her business went bankrupt, she picked up the pieces and started again. – Бизнесі банкрот болғаннан кейін ол қайтадан бастады. *pick up speed үде(т)у, жылдамдату, жылдам қозғалу ♦The train began to pick up speed. – Пойыз үдей бастады. *pick up the threads қайта қалпына келу/ оралу *pick your way (across, along, among, over, through smth) ақырын, абайлап қозғалу ♦She picked her way delicately over the rough ground. – Кедір-бұдыр жермен ол абайлап жүрді. ♦We picked our way carefully over the jagged rocks. – Жақпар жартастармен баяу қозғалдық. *pick a winner a) ат жарысында бәс тігу ♦He's very good at picking winners. – Ол бәс тіккенге сондай жақсы. b) (informal) өте жақсы таңдау *ripe for the picking «теретіндей пісті», істің реті(н)/ ыңғайы(н) кел(тір)у ♦This is an opportunity ripe for the picking. – Бұл сондай бір реті келген сәт. 6. (phr v) *pick at smth a) тамақты баяу, шұқылай жеу ♦She sat at the table in silence, picking at her dinner. – Ол столда үнсіз, тамағын шұқылап отырды. b) тартқылау, шұқылау ♦He tried to undo the knot by picking at it with his fingers. – Ол түйінді шешкісі келіп, саусақтарымен түрткіледі. *pick smb off (informal) көздеп ату ♦Snipers were picking off innocent civilians. – Снайперлер бейкүнә азаматтарды көздеп атып жатқан еді. *pick smth off үзу, теру, жұлу ♦Pick off all the dead leaves. – Қураған жапырақтардың бәрін теріп ал. *pick on smb/smth a) жөнсіз тиісу, шеттету, бөлекте(т)у ♦She was picked on by the other girls because of her size. – Денесіне бола басқа қыздар оған тиісті. b) таңдау, іріктеу ♦He picked on two of her statements which he said were untrue. – Ол (еркек) оның (әйелдің) айтқан екі нәрсесін жалған деді. *pick smb/smth out a) таңдап/ іріктеп алу (syn: select) ♦She was picked out from dozens of applicants for the job. – Оны жұмысқа арыз берген ондаған адамның арасынан таңдап алды. ♦He picked out the ripest peach for me. – Ол ең уылжыған шабдалыны маған үзіп алып берді. ♦He was picked out as the best player. – Оны ең үздік ойыншы деп таңдады. b) (арасынан) тану, (түрін, түсін) ажырату ♦See if you can pick me out in this photo. – Мына фотодан мені тауып көрші. ♦We couldn’t pick out any familiar landmarks. – Көзімізге таныс ешнәрсе ілікпеді. *pick smth out a) ырғақты/ музыканы салу ♦He picked out the tune on the piano with one finger. – Ол әуенді бір саусағымен пианинода салды. b) мұқият оқып табу, аңғару ♦Read the play again and pick out the major themes. – Пьесаны тағы бір оқып, маңызды тұстарын тап. c) тез көрінетіндей я естілетіндей ету ♦a sign painted cream, with the lettering picked out in black – әріптері бірден көзге түсетін қарамен жазылған кілегей түсті белгі ♦The car lights picked out a cat running across the road. – Машина жарығына көшеден жүгіріп өтіп бара жатқан мысық ілінді. *pick smth over | pick through smth көзбен сүзу, мұқият тексеру ♦Pick over the lentils and remove any little stones. – Жасымықты қарап, ұсақ тастар болса, алып тастағын. ♦I picked through the facts of the case. – Істің фактілерін мұқият тексеріп шықтым. *pick up a) жақсару, күшею, оңалу ♦Trade usually picks up in the spring. – Сауда әдетте көктемде қызады. ♦The wind is picking up now. – Жел енді үдей түсті. ♦Sales have picked up 14 per cent this year. – Биыл сауда 14 процент(ке) артты. b) (informal) қайта бастау; жалғасу ♦Let's pick up where we left off yesterday. – Кешегі жерден жалғастырайық. c) (especially NAmE, informal) жинау, жиыстыру ♦All I seem to do is cook, wash and pick up after the kids. – Бар істейтінім тамақ жасау, кір жуу және балалардың артын жиыстыру сияқты. *pick up | pick smth up телефонға жауап беру, телефонды алу/ көтеру ♦The phone rang and rang and nobody picked up. – Телефон қанша шырылдаса да ешкім алмады. *pick smb up a) көлікпен біреуді алу/ алып кету, көлікке біреуді отырғызу (syn: collect) ♦I'll pick you up at five. – Сені сағат бесте аламын. ♦The bus picks up passengers outside the airport. – Автобус жүргіншілерді аэропорттың сыртынан алады. b) құтқару ♦A lifeboat picked up survivors. – Құтқару қайығы кісілерді құтқарды. ♦The stranded climbers were picked up by a rescue helicopter. – Халі мүшкіл альпинистерді құтқару вертолеті құтқарды. c) (informal, often disapproving) қырындау, «ілу», біреуді құмартып айналдыру/ жақын тартып сөйлеу ♦He goes to clubs to pick up girls. – Ол клубтарға қыздарға қырындауға/ -ды ілуге барады. d) (informal) (полиция ж) тұтқындау, ұстау ♦He was picked up by police and taken to the station for questioning. – Оны полиция ұстап, учаскеге жауап алуға апарды. e) күйін жақсарту, жақсы сезіндіру ♦Try this - it will pick you up. – Мынаны көр – көмектеседі. *pick smb/smth up көтеріп алу ♦She went over to the crying child and picked her up. – Ол барып, жылаған баланы көтеріп алды. *pick smth up a) (кездейсоқ, әшейін) үйрену, білу ♦to pick up bad habits – жаман әдеттену/ жаман әдет үйрену ♦Here's a tip I picked up from my mother. – Бұны анамнан білдім. ♦She picked up Spanish when she was living in Mexico. – Ол испаншаны Мексикода тұрып жатқан кезде үйренген. ♦Where did you pick up that idea? – Бұл ой саған қалай келді? b) аңғару, ажырату, айыра білу ♦Scientists can now pick up early signs of the disease. – Ғалымдар енді аурудың алғашқы белгілерін аңғара алады. c) барып алу, алып/ ала кету ♦I picked up my coat from the cleaners. – Киімімді тазалаушылардан барып алдым. d) электрон(ды) сигнал алу/ келу/ шалыну, сигналды іліктіру/ ілу ♦We were able to pick up the BBC World Service. – Би-Би-Си қызметі сигналын ұстай алдық. ♦The survivors were rescued after their sounds were picked up by a television crew's microphone. – Тележурналистер тобының микрофонына дыбыстар шалынған/ іліккен соң барып адамдарды құтқарған. e) (informal) арзанға я кездейсоқ сатып алу ♦We managed to pick up a few bargains at the auction. – Аукционда бірнеше затты жақсы бағаға ала алдық. f) (informal) алу, ілігу; ұшырау ♦I seem to have picked up a terrible cold from somewhere. – Бір жерден маған оңбай суық тиіпті. ♦I picked up £30 in tips today. – Бүгінгі шайлық ақшам £30 болды./ Бүгін жұрт маған £30 шайлық ақша берді. g) тауып, ізіне/ артына түсу ♦to pick up the scent of an animal – аңның иісін сезу/ шалу/ іліктіру ♦We can pick up the motorway in a few miles. – Бірнеше миль жерде күре жолға шыға аламыз. h) оралу, қайта/ қайтып келу (syn: take up) ♦He picks up this theme again in later chapters of the book. – Ол бұл тақырыпқа кітабының кейінгі тарауларында қайта оралады. ♦She left the band in 2006 to pick up her career as a solo performer. – Ол топтан 2006 жылы кетіп, солист әншілігін қайта жалғастырды. i) көзі шалу, көзіне шалыну/ ілігу; естілу, құлағы шалу, құлағына шалыну ♦I picked up the faint sound of a car in the distance. – Алыстан машинаның әлсіз дыбысы құлағыма шалынды. j) (especially NAmE) жиыстыру, жию, жинау ♦Will you pick up all your toys? – Ойыншықтарыңның бәрін жиыстырасың ба? ♦to pick up a room – бөлмені жию/ жинау/ жиыстыру *pick up on smth a) аңғару, байқау, ұғу ♦She failed to pick up on the humour in his remark. – Ол оның сөзіндегі әзілді аңғармады. b) (айтылған, талқыланған нәрсеге) оралу, қайта келу ♦If I could just pick up on a question you raised earlier. – Өзіңіз алдында көтерген сұраққа қайта оралсам. *pick smb up on smth біреудің қатесін, тб еске алу/ салу ♦I knew he would pick me up on that slip sooner or later. – Әлгі қатемді оның ерте ме, кеш пе бір айтатынын білгенмін. *pick yourself up құлағаннан соң қайта түрегелу ♦He just picked himself up and went on running. – Ол қайта тұрды да жүгіре берді. ♦(figurative) She didn't waste time feeling sorry for herself - she just picked herself up and carried on. – Ол өзін мүсіркеп уақыт (зая) кетірген жоқ – бойын жиды да жалғастыра берді. B.n 1. (rather informal) таңдау(шылық) ♦Take your pick. – Таңда(ңыз). ♦The winner gets first pick of the prizes. – Жеңімпаз бірінші болып қалаған сыйлықтарын таңдайды. 2. (informal) таңдау, таңдалған кісі/ нәрсе ♦She was his pick for best actress. – Ол (еркек) оны (әйелді) ең үздік актриса ретінде таңдады./ Оның ең үздік актриса ретінідегі таңдауы сол болды. 3. (rather informal) the ∼ of smth ең жақсы/ үздік нәрсе ♦We're reviewing the pick of this month's new books. – Осы айдағы ең жақсы кітаптарды қарап/ шолып отырмыз. ♦I think we got the pick of the bunch. – Топтағы ең үздігі белгілі болды деп ойлаймын. 4. (also pickaxe, NAmE also pickax) қайла (сабы - ағаш, басы – екі жағы да үшкір темір құрал; тастақты жер қазғанда пайд) ♦picks and shovels – қайлалар мен күректер 5. (informal) плектр, медиатор (гитардың, мандолиннің, тб аспаптың шектерін шертетін титтей пластик я темір нәрсе)