picket [ˈpɪkɪt] A.n 1.пикет; пикетші, наразылық білдіруші ♦Five pickets were arrested by police. – Бес пикетшіні полиция тұтқындады. ♦I was on picket duty at the time. – Ол уақытта пикетте едім. ♦a mass picket of the factory – заводты алқымдаған пикет 2. (әскери) қарауыл, күзет, күзетші 3.ұшы үшкір шарбақ/ қоршау ♦a picket fence B.v ∼ (smth) пикеттеу, наразылық білдіріп тұру ♦200 workers were picketing the factory. – 200 жұмысшы заводты пикеттеді/ завод алдында наразылық білдіріп тұрды. ♦Striking workers picketed outside the gates. – Ереуілдегі жұмысшылар қақпа сыртында (пикетте) тұрды.