pig [pɪɡ] A.n 1. (also hog especially NAmE) шошқа, қабан, доңыз ♦a pig farmer – шошқа фермері ♦Pigs were grunting and squealing in the yard. – Аулада шошқалар қорсылдап, шиқылдап жатты. ♦to breed/rear pigs – шошқа өсіру/ асырау 2. (informal, disapproving) «шошқа», оңбаған, сілімтік ♦Arrogant pig! – Менменсіген шошқа! ♦Don't be such a pig! – Осыншама шошқа болма! ♦The greedy pig's eaten all the biscuits! – Сараң шошқа бискуиттің бәрін жеп қойыпты! ♦She made a pig of herself with the ice cream. – Ол балмұздақты соншама жеп, шошқадай болды. ♦He's a real male chauvinist pig. – Ол нағыз еркек шовинист (әйелдерді тең көрмейтін) шошқа. ♦We cooked up a load of pasta and all made pigs of ourselves. – Пастаны соншама пісіріп жеп, қарнымызды көтере алмай қалдық. 3. (slang) «шошқа» (полиция офицері) 4. (idm) *make a pig’s ear (out) of smth (BrE, informal) (бірн-ні) нашар істеу, бүлдіру *(buy) a pig in a poke қарамай/ тексермей сатып алу ♦Buying from a catalogue can mean buying a pig in a poke. – Каталогтан сатып алу көзсіз сатып алған сияқты болуы мүмкін. *a pig of a smth (BrE, informal) қиын әрі жайсыз шаруа/ іс ♦I've had a pig of a day. – Бүгін мықшыңдадым. *pigs might fly (BrE) (NAmE when pigs fly) (ironic, saying) «шошқалар ұшуы мүмкін», есек дәме (бірнәрсенің болатынына мүлде сенбейтіндікті білд) ♦‘With a bit of luck, we'll be finished by the end of the year.’ ‘Yes, and pigs might fly!’ – «Жолымыз болса, жылдың аяғына қарай бітіріп қаламыз». «Ие/ Иә, есек дәме деген осы». B.v 1. (BrE, informal) мешкейлену, қомағайлану, тым көп жеу ♦∼ smth I had a whole box of chocolates and pigged the lot! – Бір қорап шоколадты аузы-мұрнымнан шыға жедім! ♦∼ yourself (on smth) Don't give me cakes - I'll just pig myself. – Маған торт берме – тоқтай алмаймын. 2. (phr v) *pig out (on smth) (informal) мешкейлену, қомағайлану, тым көп жеу ♦They pigged out on pizza. – Олардың жеген пиццасы аузы-мұрнынан шықты.