pinch [pɪntʃ] A.v 1. ∼ smb/smth/yourself шымшу, мыту, қысу ♦My sister's always pinching me and it really hurts. – Әпкем/ Сіңлім/ Қарындасым мені ылғи шымшиды да жүреді – қатты ауырады. ♦He pinched the baby's cheek playfully. – Ол сәбидің бетін ойнап шымшыды/ қысты. ♦(figurative) She had to pinch herself to make sure she was not dreaming. – Қалғып кетпес үшін ол өзін шымшуына тура келді. ♦He pinched me sharply on the arm. – Ол мені қолымнан қатты шымшып/ мытып алды. 2. ∼ smth шымшып/ шымши/ қыса ұстау ♦Pinch the nostrils together between your thumb and finger to stop the bleeding. – Қанды тоқтату үшін танауыңды/ мұрныңды бас бармағың және саусағыңмен қысып ұста. ♦a pinched nerve in the neck – мойындағы жаншылған нерв/ жүйке 3.бас бармақ пен саусақты смартфон, тб экранына қойып ондағы бейнені ұлғайту/ кішірейту ♦You can pinch and zoom in. – Саусақтармен ұлғайтып-кішірейтуге болады. 4. ∼ (smb/smth) қысу (аяқ киімнің аяқты) ♦These new shoes pinch. – Мына жаңа аяқ киімдер қысады екен. ♦My shoes were pinching badly. – Аяқ киімім қатты қысып тұрды. 5. ∼ smth (from smb/smth) (BrE, informal) (ұсақ-түйек нәрсе) жымқыру, ұрлау (syn: nick) ♦Kids have been pinching our apples again. – Балалар алмаларымызды тағы да ұрлап жүр. ♦Who's pinched my pen? – Қаламымды кім жымқырған? 6. ∼ smb/smth қымбатқа түсу, артық шығындану ♦Higher interest rates are already pinching the housing industry. – Жоғары проценттік ставкалар үй-жай индустриясын қазірдің өзінде діңкелетуде. 7. ∼ smb (BrE, old-fashioned, informal) тұтқындау, қамау, қамауға алу, ұстау ♦I was pinched for dangerous driving. – Мені қауіпті айдағаным үшін ұстады. 8. (idm) *pinch pennies [қ-з: penny (4)] 9. (phr v) *pinch in/out бас бармақ пен саусақты смартфон, тб экранына қойып ондағы бейнені кішірейту/ ұлғайту ♦Pinch in on the home page. – (Сайттағы) негізгі бетті кішірейт. ♦You can pinch out to zoom in on the map. – Картаны анық көру үшін саусақтарыңмен (бейнені) ұлғайтсаң болады. *pinch smth off/out теру, жұлу, теріп/ жұлып алу ♦Pinch off the dead flowers. – Қураған/ Қуарған гүлдерді теріп ал(ғын). B.n 1.шымшу(шылық), мыту ♦She gave him a pinch on the arm to wake him up. – Оны ояту үшін қолын шымшыды/ мытты. ♦He gave her a playful pinch on the cheek. – Ол оның бетін ойнап қысты/ шымшыды. 2. (бір) шымшым ♦Add a pinch of salt to the mixture and stir well. – Қоспаға бір шымшым тұз қосып, жақсы араластыр. ♦a pinch of cayenne pepper/cinnamon/curry powder/ground ginger/nutmeg/paprika/snuff – бір шымшым қызыл бұрыш/ синнамон/ карри ұнтағы/ мускат (жұпар) жаңғағы/ қызыл бұрыш ұнтағы/ үгілген темекі 3. (idm) *at a pinch (BrE) (NAmE in a pinch) шынымен қажет/ керек болса ♦We can get six people round this table at a pinch. – Қажет болса, мына столдың айналасына алты кісі жинаса болады. ♦The recipe is for beef, but at a pinch you could use chicken. – Негізі сиыр етін қатады, алайда қажет болса тауық та болады. *feel the pinch (informal) ақшасы жетпеу ♦Lots of people who have lost their jobs are starting to feel the pinch. – Көп адам жұмысын жоғалтып, енді ақшасыз жүр. *take smth with a pinch of salt (NAmE also take smth with a grain of salt) сене бермеу, сеніп қалмау ♦If I were you, I’d take everything he says with a pinch of salt. – Сен болсам, оның айтқандарына сене бермес едім.