pitch [pɪtʃ] A.n 1. (BrE) (also field) спорт алаңы ♦a football pitch – футбол алаңы ♦an artificial pitch – жасанды алаң ♦After the game fans invaded the pitch. – Ойыннан соң жанкүйерлер алаңды басып алды. ♦The rugby tour was a disaster both on and off the pitch. – Регби турнесі алаңда да, одан тыс та сұмдық болды./ Регби турнесі кезінде ойыншылар өте нашар ойнап қана қоймай, теріс жүріс-тұрыстарымен көзге ілікті. 2. жоғарылық, деңгей (музыкада дыбыстың, дауыстың) ♦A basic sense of rhythm and pitch is essential in a music teacher. – Музыка мұғалімі үшін ритм/ ырғақ пен дыбыс деңгейін сезе білу – өте маңызды. 3.деңгей, дәреже; шарықтау шегі/ шыңы ♦a frenetic pitch of activity – қарбалас кезең ♦Speculation has reached such a pitch that a decision will have to be made immediately. – Әңгіменің тарағаны соншама, бірден шешім шығаруға тура келді. ♦to reach a high pitch of excitement – мәре-сәре болу/ масайрау 4. (бір шаруа бойынша) сөйлеу(шілік), сөз, әңгіме ♦an aggressive sales pitch – сауда-саттыққа үндеген сөз ♦the candidate’s campaign pitch – кандидаттың науқан кезіндегі сөзі ♦Each company was given ten minutes to make its pitch. – Әр компанияға сөзге он минут(тан) берілді. 5.шайыр, қарамай, смола 6. (BrE) көшедегі сауда-саттық орны я өнерпаздардың өнер көрсететін орны 7. (BrE) (NAmE campsite) кәмпиңдегі/ кэмпингтегі шатыр тігетін не көлік қоятын орын ♦Pitches to rent from only £15 per night. – Кәмпиңдегі орын бір түн үшін £15 тұрады. 8. (specialist) (кеме не ұшақ ж) толқу(шылық), шұлғи/ шүйліге/ шүйіле шайқалу, шұлғи/ толқи/ тербеле қозғалыс, еңкейе-шалқая/ толқындай қозғалыс 9. (specialist) көлбеу(лік), еңістік, ылдилық (шатырдың) ♦The pitch of the roof is 45 degrees. – Шатырдың көлбеуі 45 градус. 10. (idm) *make a pitch for smb/smth | make a pitch to smb өз жағына тарту талпынысы/ әрекеті, көндіруге тырысып үндеу/ сөйлеу ♦He made a pitch to black voters in Alabama. – Ол Алабамадағы қара нәсіл сайлаушыларға үндеу тастады/ жасады. *queer smb’s pitch | queer the pitch (for smb) (BrE, informal) сүріндіру, омақастыру, сәтсіздікке ұшырату B.v 1. ∼ smb/smth лақтыру, сермеу ♦The explosion pitched her violently into the air. – Жарылыс оны әуеге атып жіберді. ♦(figurative) The new government has already been pitched into a crisis. – Жаңа үкімет қазірдің өзінде кризиске/ дағдарысқа ұрынды. 2. ∼ (smth) (гольф пен крикеттегі доп/ шарик ж) жерге тию/ тигізу ♦The ball pitched a yard short of the hole. – Шарик ойыққа бір метрдей жетпей тоқтады. 3. ∼ (smth) (гольф ойынында) допты/ шарикті сермей соғу 4.гүрс ете құлу, ауыр құлау ♦With a cry she pitched forward. – Баж етіп барып ол етпетінен гүрс етті. 5. шұлғи/ толқи/ тербеле қозғалу, шұлғу, толқу, шұлғи/ шүйліге/ шүйіле қозғалу, еңкейе-шалқая/ толқындай қозғалу ♦The sea was rough and the ship pitched and rolled all night. – Теңіз мазасыз еді, кеме түні бойы шұлғып/ шайқалып шықты. ♦The boat pitched violently in a heavy swell. – Су қатты ісінгенде қайық тұмсығымен шүйліге шайқалды. 6.белгілі бір деңгейде/ дәрежеде белгілеу, деңгей қою/ белгілеу ♦∼ smth They have pitched their prices too high. – Бағаларын тым жоғарылатып жіберіпті. ♦∼ smth (at smth) The test was pitched at too low a level for the students. – Оқушылар тестен/ сынақтан тым төмен баға алды. 7.өнімді/ товарды жарнамалау, сатуға тырысу ♦∼ smth (at smb) The new software is being pitched at banks. – Жаңа компьютерлік программаны банктерге ұсынуда. ♦The product is pitched primarily at telecommunications companies. – Өнімді негізінен телекоммуникация компанияларына ұсынуда. ♦∼ smth (as smth) Orange juice is to be pitched as an athlete's drink. – Апельсин шырынын атлет сусыны деп жарнамаламақ. 8.іскерлік/ бизнес байланыстарын нығайтуға тырысу, бизнесте талпыну/ әрекет ету ♦∼ smth Representatives went to Japan to pitch the company's newest products. – Өкілдер Жапонияға барып компанияның жаңа өнімдерін ұсынды. ♦∼ (smth) We were pitching against a much larger company for the contract. – Контракт үшін үлкенірек бір компаниямен ұстасудамыз. 9. ∼ smth (музыкада) дыбысты/ дауысты белгілі бір деңгейде/ жоғарылықта шығару/ айту ♦You pitched that note a little flat. – Нотаны бір бемоль төмен алдың/ сәл бәсең шығардың. ♦The song was pitched too low for my voice. – Ән менің дауысым үшін тым төмен болды. ♦Her voice was pitched low. – Дауысы төмен болды. 10. ∼ smth шатыр/ қос тігу ♦We could pitch our tent in that field. – Ана алқапқа шатыр тіксек болады. ♦They pitched camp for the night near the river. – Олар өзеннің жанында түнге қос тікті. 11. (idm) *pitch a story/line/yarn (to smb) (informal) алдау, өтірік айту; сылтау айту, сылтаурату 12. (phr v) *pitch in (with smb/smth) (informal) атсалысу, жәрдемдесу ♦Everyone pitched in with the work. – Әркім жұмысқа қол ұшын берді/ атсалысты. ♦Local companies pitched in with building materials and labour. – Жергілікті компаниялар құрылыс материалдары мен жұмыс күшін берді. *pitch smth in ақша жиыстыру/ жию ♦We all pitched in $10 to buy her a gift. – Оған сыйлық алу үшін әрқайсымыз $10-дан бердік. *pitch into smb (informal) шүйлігу, шүйілу, тиісу; сынау ♦She started pitching into me as soon as I arrived. – Келген бойымда ол маған шүйліге бастады. *pitch into smth (informal) құлшына/ бел шеше кірісу ♦I rolled up my sleeves and pitched into cleaning the kitchen. – Жеңімді түріп жіберіп, кухняны тазалауға кірісіп кеттім. *pitch up (BrE, informal) келе салу; кеш(ігіп) келу (syn: turn up (2)) ♦You can't just pitch up and expect to get in without a ticket. – Бара/ Келе салып, билетсіз кіру қиын.