place [pleɪs] A.n 1.орын, тұс, жер, жақ, жай ♦in a ∼ Keep your purse in a safe place. – Әмияныңды дұрыс жерге қой. ♦I can't be in two places at once. – Бір мезетте екі жерде/ жақта бола алмаймын. ♦They organized several demonstrations in public places. – Олар қоғам орындарында бірнеше демонстрация ұйымдастырды. ♦I happened to be in the right place at the right time. –Дұрыс жерде дер кезінде/ дұрыс кезде болыппын. ♦∼ where… Is this the place where it happened? – Оқиға осы жерде болды ма? ♦∼ for smth This would be a good place for a picnic. – Сейілге мына тұс дұрыс екен. ♦There is a time and place for these questions, but not right here and now. – Бұндай сұрақтардың өз уақыты мен орны болады, бірақ та тап қазір, тап осы жерде емес. ♦a good place to start – істі бастауға дұрыс жер/ жақ 2.жер, тұс, жақ ♦I can't remember all the places we visited in Thailand. – Тайландта барған барлық жер/ жақ есімде жоқ. ♦I used to live in York and I'm still fond of the place. – Нью-Йоркте тұрғанмын және ол жерді әлі жақсы көремін. ♦The police searched the place. – Полиция ол тұсты/ жерді/ жақты ақтарып шықты. ♦Let's get out of this place! – Бұл жерден/ жақтан кетейікші! ♦∼ to do smth We were looking for a place to eat. – Тамақ ішетін жер іздеп жүргенбіз. ♦a place to live/stay – тұратын/ тұрақтайтын (қонатын) жер/ орын ♦place of birth – туған (дүниеге келген) жері ♦The town has many excellent eating places. – Қалада тамақ жейтін тамаша жерлер көп. ♦I couldn't find a parking place anywhere. – Төңіректен машина қояр жер таппадым. ♦∼ of smth (formal) churches and other places of worship – шіркеулер мен басқа да сыйынатын орындар/ ғибадатханалар ♦(formal) He can usually be contacted at his place of work. – Онымен әдетте (өз) жұмыс орнында хабарласса болады. ♦place of residence – тұратын жері ♦These streets are no place for a child to be out alone at night. – Бұл көшелер - балалар түнде жалғыз жүретін жер емес. 3.тұс, жер ♦in… ∼s He broke his arm in three places. – Ол қолын үш жерден сындырыпты. ♦in ∼s The paint was peeling off the wall in places. – Қабырғаның кейбір тұсында сыр көшіпті/ сыдырылыпты. ♦The footpath is bumpy in places. – Соқпақ жолдың кейбір тұстары – ойқы-шойқы. 4. (кітаптағы, сөздегі, тб) тұс, орын, жер ♦She had marked her place with a bookmark. – Кітаптағы өзіне керекті жерін/ жерді белгілеп қойды. ♦Excuse me, I seem to have lost my place. – Ғафу ет(іңіз-дер), керекті тұсымды жоғалтып алған сияқтымын. ♦in… ∼s The audience laughed in all the right places. – Көрермендер дұрыс жерлерге келгенде күліп отырды. ♦in ∼s The film is scary in places. – Фильмнің кейбір тұстары – қорқынышты. ♦∼ in smth This is one of the few places in his work where he mentions his childhood. – Бұл - оның өзінің еңбегінде балалық шағын еске алатын бірнеше тұстардың бірі/ біреуі. 5.тұс, орын, жер, жақ ♦∼ (in/on smth) (to do smth) Is there a place on the form to put your address? – Формада адресіңізді жазатын жер бар ма? ♦There is a place to sign and date at the bottom of the form. – Форманың аяқ жағында қол қойып, күнін көрсететін тұс бар. ♦in smth's place Put it back in its place when you've finished with it. – Бұны бітіргенде бұны орнына қайта қойғын. 6. (отыратын, тб) орын ♦Come and sit here - I've saved you a place. – Кел, мұнда отыр – саған орын алып қойдым. ♦I don't want to lose my place in the line. – Кезектегі орнымды жоғалтқым келмейді. ♦Would you like to change places with me so you can see better? – Менімен орындарымызды ауыстырайық па – сонда жақсы көретін боласың? ♦I've set a place for you at the table. – Столдан саған орын алып қойдым. 7. (оқу орнындағы) орын ♦She's been offered a place at Bath to study Business. – Оған Бат университетінен бизнесті оқуға орын ұсынды. ♦There are very few places left on the course. – Бұл курста бірнеше ғана орын қалды. 8. (спорт командасындағы) орын, мүшелік ♦She has won a place in the Olympic team. – Ол олимпия командасынан өзіне орын ұтып алды. ♦He lost his place in the first team. – Ол негізгі құрамдағы орнын жоғалтты. 9. (жарыс кезінде алған) орын ♦She took third place. – Ол үшінші орын алды. ♦in… ∼ He finished in third place. – Ол үшінші болып аяқтады. ♦∼ in smth Victory earned them a place in the final. – Жеңіс оларға финалдан орын алып берді. 10. (тарихтағы, қоғамдағы, тб) орын ♦∼ in smth He is assured of his place in history. – Ол тарихта қалады. ♦They felt that they had no place in society and nowhere to go. – Оларға өздеріне қоғамда орын жоқтай және барар жер қалмағандай көрінді. ♦It took her a while to find her place in the world. – Әлемде(гі) өз орнын табу үшін оған біраз уақыт керек болды. ♦Anecdotes have no place in an academic essay. – Академиялық шығармада анекдоттарға орын жоқ. ♦Accurate reporting takes second place to lurid detail. – Жұрт нақты баяндаудан гөрі алыпқашпа әңгімені жақсы көреді. ♦My father believed that people should know their place. – Әкем әркім өз орнын білуі керек дейтін. ♦It's not your place to give advice. – Ақыл айтатын жөнің(із) жоқ. 11. (informal) үй, мекен, тұратын жер/ жақ ♦What about dinner at my place? – Менің үйімде тамақтансақ қалай болады? ♦I'm fed up with living with my parents, so I'm looking for a place of my own. – Ата-анаммен тұрып шаршадым, сондықтан өзім жеке тұратын жер іздеп жүрмін. ♦I thought I’d better clean the place up. – Бұл жерді тазалап алғаным дұрыс болар деп ойладым. 12. (математикада) шаманың ондық нүктеден (decimal point) кейінгі орны ♦Convert the decimal to a percentage by moving the decimal point two places to the right. – Ондық нүктені оңға қарай екі орын жылжытып ондықты процентке айналдыр. 13. P∼ (abbr Pl.) (қысқа көшелер не алаңдардың атауларында қолд) ♦66 Portland Place 14. (idm) *all over the place (BrE also all over the shop) (US all over the lot) (informal) a) әр жерде, әр тұста ♦New restaurants are appearing all over the place. – Әр жерде/ тұста жаңа ресторандар ашылып жатыр. b) ыбырсыған, шашылған; дұрыс ұйымдастырылмаған/ ойластырылмаған ♦Your calculations are all over the place. – Есептеулерің тіпті/ мүлде дұрыс емес. *be going places (informal) табысты бола түсу, табыстан табысқа жете түсу ♦a young architect who’s really going places – танымал болып келе жатқаан жас архитектор *behave/act as if you own the place | think you own the place (disapproving) өзін сол жердің қожасындай ұстау, шікірею, жұртқа ақыл айту ♦She was acting as if she owned the place. – Ол өзін бастық сияқты ұстады. *be in a good, bad, dark, etc. place (also less frequent be in a good, bad, dark, etc. space) бақытты/ мұңлы, тб сезіну/ күйде болу ♦I'm happy now. I'm in a good place. – Енді көңілім көтеріліп қалды. Жағдай – дұрыс. ♦Me and Ed are in a good space right now. – Мені мен Эдтің жағдайымыз дәп қазір жақсы. ♦The economy is in a better place than it was a year ago. – Экономиканың күйі былтырғыдай емес, жақсы. ♦He was in a bad place, mentally and emotionally. – Ол сіркесі су көтермейтіндей күйде болды. ♦She was in a dark place after her mother's death. – Шешесі қайтыс болғаннан кейін ол күйзеліп кетті. *be in the right place at the right time «дұрыс уақытта дұрыс жерде болу», дұрыс жерде дер кезінде болу, оңтайлы сәт кезіккенде пайдаланып қалу ♦His success was down to being in the right place at the right time. – Ол оңтайлы сәттерді дұрыс пайдаланып, табысты болды. *(caught/stuck) between a rock and a hard place жайсыз/ жаман екі нәрсенің бірін/ біреуін таңдау *change/swap places (with smb) «біреумен орын алмастыру/ ауыстыру», біреудің жағдайында/ күйінде болу ♦I'm perfectly happy - I wouldn't change places with anyone. – Күйім – мінсіз; ешкіммен де орын алмастырмас едім. *fall/slot into place түсінікті/ анық бола түсу; орын-орнына келу ♦Then I found his diary and it all began to fall into place. – Оның күнделігін тапқанымда бәрі де түсінікті бола бастады. *friends, people, etc. in high places [қ-з: friend (5)] *give place to smb/smth (formal) біреуге/ бірн-ге орнын босату/ беру (syn: give way to) ♦Houses and factories gave place to open fields as the train gathered speed. – Пойыз үдей түсіп, үйлер мен заводтар ашық алқаптарға ұласты. *have/hold a place in smb's heart жүрегінде сақталу ♦He'll always have a place in my heart. – Ол әрқашан жүрегімнің түкпірінде болады. *smb’s heart is in the right place (біреу қате істесе де, тб) жүрегі таза, (сөзінің) артында зілі жоқ *if I was/were in your place сенің/ сіздің орның(ыз)да болғанымда/ болсам ♦If I were in your place, I'd resign immediately. – Сенің орныңда болсам, бірден қызметтен кетер едім. *in the first place ең алдымен, ең әуелі, бірінші кезекте ♦I still don't understand why you chose that name in the first place. – Ең әуелі, ол атты/ атауды неге таңдағаныңды әлі ұқпаймын. ♦I should never have taken that job in the first place. – Ең алдымен/ Ең әуелі, ол жұмысқа ешқашан тұрмауым керек еді. *in the first, second, etc. place біріншіден, екіншіден ♦Well, in the first place he has all the right qualifications. – Біріншіден, оның барлық керекті квалификациясы бар. *in my, your, etc. place менің, сенің, тб жағдайымда/ -ңда ♦I wouldn't like to be in your place. – Сенің орныңда/ күйіңде болғым келмес еді. *in place (also into place) a) дұрыс орында; бірнәрсеге әзір ♦Carefully lay each slab in place. – Әр кесекті орнына мұқият қой. b) орнында, дайын ♦All the arrangements are now in place for their visit. – Сапар үшін бар(лық) нәрсе әзір. ♦How long has the import ban been in place? – Импортқа тыйым қашан салынып еді? c) (NAmE) (also on the spot) бір орында, қозғалмастан ♦Running in place is good exercise. – Бір орында жүгіру – жақсы шынығу. *in place of smb/smth | in smb’s/smth’s place біреудің/ бірн-ң орнына ♦You can use milk in place of cream in this recipe. – Бұл рецепт бойынша кремнің орнына сүт пайдаланса болады. ♦He was unable to come to the ceremony, but he sent his son to accept the award in his place. – Ол рәсімге келе алмады, өз орнына сыйлықты алуға ұлын жіберді. *lightning never strikes (in the same place) twice [қ-з: lightning (A2)] *not have a hair out of place [қ-з: hair (4)] *out of place a) өз орнында емес ♦Some of these files seem to be out of place. – Мына файлдердің кейбіреуі ауысып/ жылжып кеткен сияқты. b) орынды емес, орынсыз, дұрыс емес ♦Her remarks were out of place. – Оның сөздері біртүрлі/ орынсыз болды. ♦I felt completely out of place among all these successful people. – Осынау табысты адамдардың арасында ыңғайсыздандым. *a place in the sun ыңғайлы/ жайлы орын *pride of place көрнекті/ сыйлы орын ♦The photo was given pride of place on the mantelpiece. – Фотоны көрінетіндей етіп каминнің үстіне қойыпты. *put smb in their place «біреуді орнына қою», біреуді жөнге салу ♦At first she tried to take charge of the meeting but I soon put her in her place. – Алдымен ол жиналысты өзі басқарғысы келді, бірақ сәлден соң оны жөнге салдым. *put yourself in smb else’s/ smb’s place «өзін біреудің орнына қою», өзін біреудің орнындамын деп елестету ♦Of course I was upset - just put yourself in my place. – Әрине күйіндім – өзіңді менің орныма қойып көр(гін). *shelter in place (төтенше жағдайларда сақтану үшін) үйде/ іште отыру ♦Residents of the city have been ordered to shelter in place for at least the next three weeks. – Қала тұрғындары кем дегенде үш апта үйде отырсын деген бұйрық болды. *take place (оқиға ж) болу, өту ♦The film festival takes place in October. – Кинофестиваль қазанда болады. ♦We may never discover what took place that night. – Ол түні не болғанын ешқашан біле алмаспыз. *take smb’s/smth’s place | take the place of smb/smth біреудің/ бірн-ң орнын алу, алмастыру, орнына келу ♦She couldn't attend the meeting so her assistant took her place. – Жиналысқа өзі қатыса алмағандықтан, көмекшісі келді. ♦Computers have taken the place of typewriters in most offices. – Көптеген офистерде компьютерлер машинкалардың орнына келді. *take your place a) орнына/ орындарына бару ♦Take your places for dinner. – Асқа келіп жайғасың(ыз)дар. b) қоғамдағы өз(іне лайықты) орнын алу B.v 1. ∼ smth қою, орналастыру ♦He placed his hand on her shoulder. – Ол қолын оның иығына қойды. ♦A bomb had been placed under the seat. – Орындықтың астына бомба қойған. ♦The parking areas in the town are few, but strategically placed. – Қалада машина қоятын жерлер аз болғанымен, дұрыс орналасқан. 2. ∼ smth on smth/smb/doing smth мән/ маңыз беру, әспеттеу; бірн-ні біреуден/ бірн-ден көру ♦∼ smth on smth They place a high value on punctuality. – Олар ұқыптылыққа зор мән береді. ♦Great importance is placed on education. – Оқуға/ Білімге зор мән берілген. ♦The blame was placed squarely on the doctor. – Кінәні тура дәрігерге артты./ Болған оқиғаны дәрігерден көрді. ♦∼ smth on doing smth We have always placed emphasis on delivering customer satisfaction. – Клиенттерімізге дұрыс қызмет етуге қашан да мән береміз. 3. ∼ smth заказ/ тапсырыс беру, өтініш/ арыз беру, нұсқау ♦to place an order/a bet – заказ беру/ бәс тігу ♦We placed an advertisement for a cleaner in the local paper. – Тазалаушы қызметкер қажет болып, жергілікті газетке хабарлама бердік. 4. ∼ smb/yourself қою, орналастыру, тағайындау ♦to place somebody in command – біреуді командаға/ басшылыққа қою ♦She was placed in the care of an uncle. – Оны ағасының қарауына берді. ♦His resignation placed us in a difficult position. – Оның қызметтен кетуі бәрімізді қиын күйге түсірді. ♦The job places great demands on me. – Бұл жұмыстың маған артар жүгі көп. ♦He has placed himself above party politics. – Ол өзін партия саясатынан биік қойды. ♦highly placed officials in the government – үкіметтегі жоғары лауазымды тұлғалар ♦You will be placed on the waiting list. – Сені/ Сізді күту кезегіне қояды. ♦to place restrictions/a burden on somebody – біреуге шектеу қою/ ауыртпалық арту ♦They are placing lives at risk. – Олар талай адамның өміріне қатер төндіруде. 5.біреуге лайықты жұмыс, үй, тб табу ♦∼ smb The agency placed about 2 000 secretaries last year. – Агенттік былтыр 2 мың адамға хатшылық/ секретарьлық жұмыс тапты. ♦∼ smb with smb/smth The children were placed with foster parents. – Балаларды асырап алатын ата-аналарға берді. ♦∼ smb in smth children who are difficult to place in foster homes – бағып алатын семьяларға беруге қиын балалар 6. ∼ smb/smth баға/ орын беру; мән беру, бағалау ♦I would place her among the top five tennis players in the world. – Оны дүниедегі ең үздік бес теннисшінің қатарына қояр едім. ♦Nursing attracts people who place relationships high on their list of priorities. – Күтіп-бағу жұмысына адами қарым-қатынасты жоғары бағалайтын жандар барады. 7. (жарыста) белгілі бір орын алу/ орында келу ♦∼ smb/smth He was placed fifth in last Saturday's race. – Сенбідегі жарыста/ бәйгеде ол бесінші (болып) келді. ♦∼ (smth) (BrE) My horse has been placed several times. – Атым бірнеше рет жүлде алды (алдыңғы үштікте/ төрттікте келді). ♦(NAmE) His horse placed in the last race. – Оның аты соңғы бәйгеде жүлде алды (екінші/ үшінші болып келді). 8. ∼ smb/smth есіне түсіре алмау, тани алмау ♦I've seen her before but I just can't place her. – Оның бұрын көргенмін, бірақ есіме түсіре алмай отырмын. ♦His accent was impossible to place. – Оның акцентінің қай жақтыкі екенін ұғу қиын. 9. (idm) *be well, ideally, uniquely, better, etc. placed for smth/to do smth a) жағдайы жақсы, өте жақсы, тб болу, жақсы, тб мүмкіндігі болу ♦Engineering graduates are well placed for a wide range of jobs. – Инженерлікті бітіргендердің жұмыс табуға мүмкіндігі мол. ♦The company is ideally placed to take advantage of the new legislation. – Компания үшін жаңа заң өте тиімді. ♦The company is ideally placed to win the contract. – Компанияның контарктіні алуға барлық мүмкіндігі бар. b) жайлы я ыңғайлы жерде орналасу ♦The hotel is well placed for restaurants, bars and clubs. – Қонақ үй ресторандар, барлар не клубтар үшін жақсы орналасқан. *put/place smth on (the) record | be/go on (the) record (as saying…) жұрт көзінше я ресми айту, айтқандары жазылып алыну, баспасөзде басылу ♦He didn't want to go on the record as either praising or criticizing the proposal. – Ол өзінің (әлгі) ұсынысты құптағанын я сынағанын жария еткісі/ ашық білдіргісі келмеді. ♦I should like to place on record my sincere thanks to all those who have given support. – Қолдау көрсеткен жандардың бәріне арнайы рахмет айтқым келеді. *put/place/set a premium on smb/smth мән, маңыз беру, жоғары бағалау, қастерлеу ♦The company places a high premium on initiative. – Компания кез-келген инициативаға үлкен мән береді. ♦They put a high premium on customer loyalty. – Олар клиенттерге зор көңіл бөледі. *to put/place smb on a pedestal «біреуге ескерткіш орнату», біреуді көз жұма көкке көтеру