plate [pleɪt] A.n 1.табақ, тарелка sandwiches on a plate – табақтағы сәндуичтер There was an enormous pile of dirty plates in the kitchen sink. – Кухнядағы раковинада лас тарелкалар таудай болып үйіліп жатты. The set includes four dinner plates, four side plates and four soup bowls. – Сетте/ Жинақта төрт ас табақ, төрт шағын тарелка және төрт суп құтысы бар. They filled their plates with spaghetti. – Олар табақтарына спагетти толтырды. a plate of sandwiches – бір табақ сәндуич two large plates of pasta – екі үлкен табақ паста At dinner, Paul ate several plates of stew. – Ас кезінде ол бірнеше тарелка бұқтырма (бұқтырып пісірген ас) жеді. 2. (especially NAmE) табақпен берген негізгі ас Try the seafood plate. – Теңіз өнімдері табағынан дәм тат(ыңыз). 3.темір тақташа/ плита/ пластина The tanks were mainly constructed of steel plates. – Танктер негізі болат плиталардан құралады. She had a metal plate inserted in her arm. – Оның қолына металл пластина енгізген. 4. (темір) тақташа, табличка A brass plate beside the door said ‘Dr Alan Tate’. – Есіктің жанындағы жез тақташада ‘Dr Alan Tate’ деп жазылыпты. 5. (көліктің тіркеу нөмірі жазылған) тақташа, табличка 6.алтын я күміс жалатқан жай темір The cutlery is plate, not solid silver. – Пышақ,  қасық, шанышқылар - жай темір, тұтас күміс емес. 7.алтын я күмістен жасаған ыдыс(тар) the family plate – үй-іші (ескерткіш) табағы 8. (biology) қабыршық, пластина, қабықша the armadillo’s protective shell of bony plates – армадилдің сүйек пластиналы/ қабыршықты қорғаныш қабығы 9.плита (Жер бетінің баяу жылжитын аса ауқымды бөліктері) the Pacific plate – Тынық мұхиты плитасы Earthquakes are caused by two tectonic plates bumping into each other. – Жер сілкінулер екі тектоникалық плита бір-бірімен түйіскенде болады. 10. (кітаптағы, тб) фотосурет, фотография The book includes 55 colour plates. – Кітапта 55 түрлі-түсті фотосурет бар. See plate 4. – 4-нші суретті қара(ңыз). She looked like a fashion plate. – Ол сән суреттегідей көрінді. 11. клише (кітапқа басылатын суреттің металдан, ағаштан ойып жасалған қалыбы), басу табағы/ формасы a printing plate – клише 12. (фотопленка пайда болғанға дейін қолданылған) фотопластинка 13.тіс протезі 14. (usually the ∼) шіркеуде қайыр-садақа жиятын табақ 15. (idm) *hand smth to smb on a plate (informal) «табаққа салып әкеліп беру», жақсылыққа, табысқа әшейін, өзінен-өзі жету Nobody's going to hand you success on a plate. – Табысты ешкім саған табаққа салып әкеп бермейді. *have enough/a lot/too much on your plate (informal) жұмысы, шаруасы өте көп болу *step up to the plate ​(especially NAmE) кірісу, тиісті шаруамен айналысу ♦It’s time for businesses to step up to the plate and accept responsibility. – Қазір - бизнестердің/ кәсіпорындардың кірісіп, жауапкершілікті алатын уақыты. B.v 1. (алтын, күміс, тб) жалату be d (with smth) a silver ring plated with gold – алтын жалатқан күміс сақина ♦platinum-plated jewellery – платина жалатқан зергер бұйымдары 2.темір пластинамен/ плитамен қаптау/ жабу be d (with smth) The walls of the vault were plated with steel. – Қойманың қабырғаларын болатпен нығайтқан. ♦nickel-plated wire – никельмен қаптаған сымтемір