plea [pliː] n 1. (formal) жалыныш, жалыну, жалбарыну, (қиыла) өтіну, үндеу ♦∼ for smth She made an impassioned plea for help. – Ол толқи көмек сұрады/ үндеу жасады. ♦∼ (to smb) (to do smth) a plea to industries to stop pollution – кәсіпорындардан ластауды тоқтатуды өтіну/ кәсіпорындарға ластауды тоқтатуды өтініп үндеу ♦He refused to listen to her tearful pleas. – Ол оның жылап-сықтай жалынғанына/ жалбарынысына құлақ аспады. 2. (law) мәміле, ымыра, келісім (қылмыс жасады деген айыпталушының сөзі/ мәлімдемесі) ♦a plea of guilty/not guilty – кінәсін мойындау/ мойындамау ♦to enter a guilty plea – кінәсін мойындап сотпен келісу/ кінәсін мойнына алатыны жөнінде сотпен келісу 3. ∼ of smth (law) сотқа берген түсініктеме ♦He was charged with murder, but got off on a plea of insanity. – Оны кісі өлтірді деп айыптаған, алайда ол ақылымнан алжасқам деп құтылып кетті. ♦These facts cannot support a plea of diminished responsibility. – Фактілер/ Айғақтар жауапкершілігі шектеулі деген түсініктемені растамайды.