please [pliːz] A.exclamation 1.сыпайы өтінішті білд Please sit down. – Отырыңыз./ Өтінемін, отырыңыз./ Отыруыңызды өтінемін./ Отыра қойыңыз./ Отырсаңыз. Two coffees, please. – Екі кофе беріңізші/ берсеңіз. Quiet please! – Өтінеміз/ Өтініш, тынышталыңыздар!/ Тынышталыңыздаршы!/ Тынышталуларыңызды өтінеміз!/ Тынышталсаңыздар! Please could I leave early today? – Бүгін ертерек кетсем бола ма екен? 2.нығарлай өтінгенді я айтқанды білд Please don't leave me here alone. – Өтінемін, мені бұл жерде жалғыз қалдырмаңыз. Please, please don't forget. – Өтініш – ұмытпаңыз. Please, I don't understand what I have to do. – Не істеу(ім) керек екенін түсінбедім, мүмкін болса жәрдемдессеңіз. 3.рахмет дег мағ ‘Would you like some help?’ ‘Yes, please.’ – «Сізге жәрдем керек пе?» «Жақсы болар еді». ‘Coffee?’ ‘Please.’ – «Кофе?» «Иә, рахмет». 4. P! (informal, often humorous) жә, енді (біреуді тәртіпке шақырғанда қолд) Children, please! I'm trying to work. – Балалар, жә, енді! Жұмыс істейін. John! Please! – Джон! Жә, енді/ Болды енді! 5. Please/P-lease [pəˈliːz] қой(ыңыз)шы енді/ тегі, жә, тб Oh, please! You cannot be serious. – Қой(ыңыз)шы! Олай емес шығар. B.v 1.біреудің көңілін көншіту/ жайлы ету, көңілін табу/ аулау, рахаттандыру; (біреуге) жағу (oppdisplease) smb You can't please everybody. – Бәріне жақпайсың./ Бәріне жағу мүмкін емес.  Children are usually easy to please. – Әдетте балалардың көңілін табу/ аулау оңай. He's a difficult man to please. – Оның көңілін табу қиын. I was pleased by the results. – Нәтижелерді көріп көңілім көншіді/ тасыды. There's just no pleasing some people – Кейбір адамдардың көңілін таппайсың/ табу мүмкін емес. I did it to please my parents. – Бұны ата-анамның көңілін көтеру үшін істедім. You must be pleased by their confidence in you. – Олардың өзіңе деген сеніміне риза болуға тиіссің(із). it s smb to do smth It pleased him to see the children playing with their gifts. – Балалардың өздеріне берген сыйлықтармен ойнап жатқанын көріп, оның көңілі көншіді. She's always very eager to please. – Ол жұрттың көңілін көтергенді жақсы көреді. This film is sure to please horror fans. – Фильмнің қорқынышты жақсы көретіндерге жағатыны – шүбәсіз. These guys aim to please and they never fail. – Бұл жігіттер жағам деген адамына жақпай қоймайды. 2.қалауың(ыз)ша, қалағаның(ыз)ша, тб You may stay as long as you please. – Қалағаның(ыз)ша қала бер(іңіз)./ Қанша қалам десең(із) де қала бер(іңіз). She always does exactly as she pleases. – Ол өзі не қаласа, дәп соны істейді. I'm free now to live wherever I please. – Енді қай жерде тұрам десем де өзім білемін. 3. (idm) *if you please a) ​(old-fashioned, formal) сыпайы өтінішті білд Take a seat, if you please. – Жайғассаңыз./ Отыруыңызды өтінемін. b) ​(especially BrE, old-fashioned) таңғалысты не жақтырмағанды білд And now, if you please, he wants me to rewrite the whole thing! – Ал, енді, бір қызығы, ол маған барлығын қайта(дан) жаздырғысы келіп отыр. *please the eye көзге жайлы/ жылы көріну, көзді қуанту/ жадырату *please God құдайым, жалынамын Please God, don't let him be dead. – Құдай-ой, оның жанын ала көрме. *please yourself ​(informal) (қайтсең де) өзің біл ♦"I can't stand this place - I'm going home." "Please yourself." – «Мына жер ұнамайды – үйге кеттім». «Өзің біл». *please yourself | do as you please қалағанын істей алу, қайтем десе де өзі білу ♦There were no children to cook for, so we could just please ourselves. – Балалар болмаған соң, өзіміз қалаған тамақты жасадық. ♦We’re very informal here, so you can dress as you please. – Бұнда бәріміз әшейін жиналдық, сондықтан қалаған киіміңді ки.