pleased [pliːzd] adj 1.қуанған, қуанышты, риза, көңілі тасыған, жаны рахаттанған You're coming? I'm so pleased. – Келесің бе? Жақсы болды ғой. with smb/smth She was very pleased with her exam results. – Ол өзінің емтихан нәтижелеріне өте қуанды. Mary and I were most pleased with the present we bought in Edinburgh. – Мәри мен мен Эдинбургте алған сыйлыққа қатты қуандық. The boss should be pleased with you. – Бастық саған риза шығар. at smth She seemed pleased at our success. – Табысымызға ол риза сияқты. about smth You're looking very pleased about something. – Бірнәрсеге қуанып тұрсың-ау. for smb I'm very pleased for you both. – Екеуің үшін де қуаныштымын. (that)… I'm really pleased (that) you're feeling better. – Тәуір бола бастағаның қандай жақсы. 2. ∼ to do smth (бірнәрсе істеуге) қуанышты болу We are always pleased to be able to help. – Жәрдемдесуге ылғи да қуаныштымыз./ Қашан да қуана жәрдемдесеміз. I was pleased to hear you've been promoted. – Жұмыста жоғарылағаныңды естіп, қуандым. Aren't you pleased to see me? – Мені көргеніңе қуанышты емес сияқтысың ғой? (especially BrE) Pleased to meet you. – Кездескенімізге/ Жүздескенімізге қуаныштымын. We are pleased to announce that the winner of our competition is… - Осы сайыста ... жеңімпаз болғанын жария еткіміз келеді. Thank you for your invitation, which I am very pleased to accept. – Шақырғаныңызға рахмет - ризашылықпен қабыл аламын. I am pleased to inform you that the book you ordered has arrived. – Өзің заказ берген кітаптің келгенін айтқым келеді. I am pleased to say that my leg has completely healed. – Аяғымның дін-аман жазылып кеткеніне қуанамын. 3. (idm) *far from pleased | none/not too pleased | not best pleased риза емес; кіртиген, ренжулі She was none too pleased at having to do it all again. – Бұның бәрін қайтадан істеп шыққанына ол кейіді. He did not look too pleased when I told him. – Ол айтқанымды селсоқ естіді. She was not best pleased with his choice. – Ол (әйел) оның (еркектің) таңдауына пәлендей риза болмады. *only too pleased (to do smth) өте қуанышты, қуана-қуана We're only too pleased to help. – Қуана-қуана көмектестік. *(as) pleased/proud as Punch өте риза, мәз, қуанышты Now he’s passed his driving test, he’s as pleased as Punch. – Ол машина жүргізу сынағынан өтіп, мәз болып жүр. *pleased with yourself ​(often disapproving) өзіне риза, өзіне мәз, өзіне-өзі көңілі толған He was looking very pleased with himself. – Ол өзіне-өзі риза сияқты көрінген.