plot [plɒt] A.n 1.оқиға желісі, әңгіме арқауы, сюжет; сценарий ♦It's hard to follow the plot of the film. – Фильмдегі оқиға желісіне ілесу қиын. ♦∼ about smth a conventional plot about love and marriage – махаббат пен үйлілік хақындағы кәдімгі сюжет ♦The book is well organized in terms of plot. – Кітаптың (оқиға) желісі дұрыс түзіліпті. ♦Plot twists keep you guessing throughout the series. – Сериалдардағы шытырман оқиғалардың аяғы не болар екен деп отырасың. 2. (астыртын) қастандық, құпия теріс әрекет, заговор (syn: conspiracy) ♦He had been the victim of an elaborate murder plot. – Ол өте ойластырылған қастандықтан өлді. ♦∼ to do smth The rebels hatched a plot to overthrow the government. – Көтерілісшілер үкіметті тайдыру үшін қастандық ойластырды. ♦∼ against smb Police uncovered a plot against the president. – Полиция президентке қарсы заговордың бетін ашты. 3.танап; телім; жер, учаске, участок ♦She bought a small plot of land to build a house on. – Ол үй салу үшін шағын бір жер телімін/ жер сатып алды. ♦a vegetable plot – көкөніс танабы 4. (idm) *lose the plot (BrE, informal) ұға алмай қалу, не істерін білмей қалу *the plot thickens (humorous) жағдай асқынуда/ ушығуда B.v 1. қастандық/ қаскүнемдiк/ заговор ұйымдастыру; астыртын/ жасырын әрекет ұйымдастыру (syn: conspire) ♦∼ with smb It is claimed he plotted with the country's enemies. – Оны елдің жауларымен ауыз жаласты деді. ♦∼against smb /smth They were accused of plotting against the state. – Оларды мемлекетке қарсы қастандық ойластырды деп айыптады. ♦∼ to do smth They were plotting to overthrow the government. – Олар үкіметті тайдырмақ болып астыртын әрекет етіп жүрген. ♦She constantly plotted and schemed to catch me in some sort of lie. – Ол мені өтірігімнен ұстамақ болып түрлі айла-шарғыға барды. ♦∼ with smb to do smth Taylor plotted with his daughter to murder her husband. – Тейлор өз күйеуін өлтірмек болып қызымен қастандық ойластырды. ♦∼ smth Military officers were suspected of plotting a coup. – Әскери офицерлер төңкеріс үйымдастырмақ болды деген күдікке ілінді. ♦She spends every waking hour plotting her revenge. – Ол оянып алып кегімді қалай алам(ын) деп басын қатырады. ♦They used the internet to plot their murderous attacks. – Олар өздерінің қаскүнем әрекеттері үшін интернетті пайдаланған. 2. ∼ smth (on smth) картада белгілеу ♦The earthquake centres had been plotted on a world map. – Жер сілкінісі эпицентрлері әлем картасында белгіленген. ♦He plotted a new route across the Atlantic. – Ол картадан Атлантика арқылы жаңа жол сызды. ♦The positions of the archaeological finds are accurately plotted. – Археологиялық жаңалықтар/ ашулар тұстары өте мұқият белгіленген. 3. ∼ smth (on smth) диаграмма/ кесте жасау/ түзу ♦We carefully plotted each patient's response to the drug on a chart. – Әр пациенттің/ науқастың дәріге реакциясын кестеге мұқият белгіледік. ♦Greenhouse temperature can be plotted against plant growth. – Теплицалардың/ Жылыжайлардың температурасын өсімдіктің өсуіне (қарай) орайластырса болады. 4. ∼ smth (on smth) диаграммада/ кестеде нүктелер белгілеп, солар арқылы сызық жүргізу ♦First, plot the temperature curve on the graph. – Алдымен диаграммада температура сызығын жүргіз. 5. ∼ smth (романның, пьесаның, тб) желісін, сенарийін жазу ♦a tightly-plotted thriller – қауырт өрбитін триллер