plug [plʌɡ] A.v 1. ∼ smth (up) (қуысты, ойықты, тб) бітеу, толтыру He plugged the hole in the pipe with an old rag. – Ол құбырдағы тесікті ескі кілемшемен бітеді. Divers succeeded in plugging the leaks from the tanker. – Сүңгушілер танкердегі тесіктерді бітей алды. 2. ∼ smth орнын толтыру A cheaper range of products was introduced to plug the gap at the lower end of the market. – Рыноктағы тапшылықтың орнын толтыру үшін арзанырақ товарлар жеткізілді. 3. ∼ smth (informal) (жаңа кітапты, тб) таныстыру, жарнамалау (synpromote) She came on the show to plug her latest album. – Өзінің кейінгі альбомын таныстыру үшін ол шоуға келді. 4. ∼ smb (NAmE, old-fashioned, informal) біреуді ату 5. (phr v) *plug away (at smth) аянбай жұмыс істей беру Katie has been plugging away at her homework for hours. – Кейти сағаттар бойы тапжылмай үй тапсырмасын орындап жүр. *plug smth in | plug smth into smth (электр жабдығын/ құралын) токқа қосу; (басқа бір) электр жабдығына қосу (oppunplug) Is the printer plugged in? – Принтерді қостың ба? B.n 1. штепсель, (розеткаға) сұққыш, аша, сүңгіме (электр жабдығын токқа/ электр ағынына қосатын сұққыш, орысша: штепсельная вилка) The iron is fitted with a three-pin plug. – Үтіктің үш-ұштық (токқа) сұққышы бар. I'll have to change the plug on my hairdryer. – Шаш кептіргішімнің токқа сұққышын өзгертуім керек болады. 2. (informal, especially BrE) розетка, резеткі (электр тогына жалғайтын қабырғадағы ойық) (synsocket) Can I use this plug for my iron? – Үтігімді мына розеткаға жалғасам бола ма? 3. (электр жабдықтарын бір-біріне) жалғағыш, қосқыш the plug from the computer to the printer – компьютердің принтерге жалғағышы 4. (also spark , BrE also sparking ∼) (көлік двигателін) оталдырғыш, свеча, оталдыру/ тұтандыру білтесі (запальная свеча, свеча зажигания) 5. (ванна, тб тесігіне ондағы суды ақпас үшін тығатын) тығын ​She pulled out the plug and let the water drain away. – Ол тығынды (суырып) алып, суды ағызып жіберді. There was plenty of hot water, but there was no bath plug. – Ыстық су көп болғанымен, ваннаны бітейтін тығын болмады. 6. (тесікті, ойықты бітейтін) тығын She took the plug of cotton wool from her ear. – Ол құлағындағы мақта тығынды алды. We fixed the leak with a plug made from an old cloth. – Тесікті ескі матадан істеген тығынмен бекітті. 7. (NAmE) (also stopper) тығын (шөлмектің, орысша: пробка) 8. (қабырға ішіндегі бұранданы/ болтты/ винтті ұстап тұратын) пластик түтік, демеуіш, тығын, «ролплаг» (synrawlplug) 9. ​​(informal) (жаңа кітапқа, тб берілген) мақтау, жақсы пікір/ баға He managed to get in a plug for his new book. – Оның жаңа кітабын мақтады. 10. (idm) *pull the plug on smb/smth ​(informal) біреудің жобасын, жоспарын, тб тоқтату The television company pulled the plug on the series after only five episodes. – Телекомпания бес сериядан соң-ақ сериалдарды тоқтатты. They decided to pull the plug on the project. – Олар жобаны тоқтатуды үйғарды.