pocketbook [ˈpɒkɪtbʊk] n 1. (NAmE) «әмиян», (ақша салатын) «қапшық», қаржы жағдайы, әл-ауқаты ♦Many foreign goods are too expensive for American pocketbooks. – Көптеген шетелдік товарларды американдықтардың қалтасы көтермейді. ♦The increase is likely to hit the pocketbooks of consumers. – Бағаның өсуі тұтынушылардың қалтасына тиетіндей/ тиетін сияқты. ♦The government opened its pocketbook to the US military. – Үкімет әскери мақсаттарға ақша бөлді. ♦Voters care about pocketbook issues such as jobs and inflation. – Сайлаушылар үшін жұмыспен қамту және инфляция сияқты әл-ауқат мәселелері маңызды. 2. (especially BrE) дәптер (syn: notebook) 3. (NAmE, old-fashioned) (әйелдердің) қол сумкасы