pointed [ˈpɔɪntɪd] adj 1.үшкір, сүйір, тік ♦a pointed chin – сүйір иек ♦pointed teeth – үшкір тістер ♦Llamas have long, pointed ears. – Ламалардың құлақтары – ұзын әрі тік(ірейген). ♦the pointed arches used in medieval buildings – ортағасырлық ғимараттардағы сүйір аркалар ♦a pointed instrument – үшкір құрал 2. (біреуді) сынайтын, ащы, тиісетін ♦a pointed comment/remark – сынай сөйлеу ♦His words were a pointed reminder of her position. – Оның (еркектің) сөздері оның (әйелдің) жағдайының қиын екенін еске салды. ♦His questions were starting to sound very pointed. – Оның сұрақтары түрпідей тие бастады.