point of view n (pl points of view) 1.көзқарас, пікір ♦Why can't you ever see my point of view? – Менің пікірімді ұғатын кезің бола ма? ♦There are a number of different points of view on this issue. – Осы мәселе бойынша бірнеше көзқарас бар. ♦From my point of view, the party was a complete success. – Пікірімше, сауық-кеш өте табысты өтті. 2.тұрғы, көзқарас, таным (syn: angle) ♦These statistics are important from an ecological point of view. – Бұл статистика экология тұрғысынан аса маңызды. ♦From the point of view of higher education, the cuts will be a disaster. – Жоғары білім (алу) тұрғысынан бұл (қаржылай) қысқартулар(дың нәтижесі) өте теріс болады. ♦The book is written from the father's point of view. – Кітап әкенің көзқарасымен/ танымымен жазылған.