poison [ˈpɔɪzn] A.n 1.у, зәр, заһар, зәһәр; уыт ♦Some mushrooms contain a deadly poison. – Кейбір саңырауқұлақтарда қатерлі у бар. ♦to hunt with poison arrows – уланған жебемен/ оқпен аң аулау ♦bombs containing poison gas – улы газ(ы) бар бомбалар ♦She had laced his drink with poison. – Ол оның сусынына у қосқан. ♦(ауысп мағ) the poison of racial hatred – нәсілшілдік уыты 2. (idm) *one man’s meat is another man’s poison (saying) біреу жақсы көрген нәрсені екінші біреу жеккөреді *what’s your poison? (old-fashioned, informal, humorous) қандай арақ-шарапты қалайсыз? B.v 1.улау, у беру, улап өлтіру ♦∼ smb/yourself He was accused of poisoning his wife. – Оны әйелін улаған/ улап өлтірген деп айыптады. ♦Thousands are at risk of being poisoned by fumes from faulty heaters. – Мыңдаған адамдарға бұзық/ ақауы бар ысытқыштардың ысынан улану қаупі төнуде. ♦Poisoning the rats is expensive and harmful to the environment. – Тышқандарды улаған/ улау – қымбат әрі айнала үшін қауіпті. ♦∼ smb/yourself with smth In the last chapter, she poisons herself with arsenic. – Соңғы тарауда ол өзін мышьякпен улайды. 2.улау, у қосу/ беру ♦∼ smth a poisoned arrow – уланған жебе/ оқ ♦Someone had been poisoning his food. – Біреу оның асын/ тамағын улап келген. ♦Large sections of the river have been poisoned by toxic waste from factories. – Өзеннің ірі бөліктерін заводтардан шыққан қалдық улаған. ♦Exhaust fumes are poisoning our cities. – Көлік түтіні қалаларымызды улауда. ♦∼ smth with smth The chocolates had been poisoned with cyanide. – Шоколадтарды цианидпен улаған. ♦(ауысп мағ) His comment served only to poison the atmosphere still further. – Оның сөздері ахуалды одан әрі ушықтыра түсті. ♦(ауысп мағ) She succeeded in poisoning their minds against me. – Ол (әйел) олардың санасын маған қарсы улай алды. 3. (idm) *a poisoned chalice (especially BrE) «(кеседегі) улы шарап», жақсы болып көрінген жаман нәрсе ♦He inherited a poisoned chalice when he took over the job as union leader. – Ол өзіне кәсіподақ жетекшісінің даулы қызметін алды.