poke [pəʊk] A.v 1. (саусағымен, тб) түртіп қалу, нұқып қалу, итеріп қалу (synprod) smb/smth with smth She poked him in the ribs with her elbow. – Ол шынтағымен оның қабырғасынан нұқып қалды. smth into smth She poked her elbow into his ribs. – Ол шынтағымен оның қабырғасынан нұқып қалды. smb/smth I'm sick of being poked and prodded by doctors. – Дәрігерлердің нұқып-шұқығанынан шаршадым. She got up and poked the fire. – Ол тұрды да түртіп отты күшейтті. 2. ∼ smth нұқу, шұқу, түрту; сұғу; қылтиту He poked his head around the corner to check that nobody was coming. – Біреу-міреу келе жатқан жоқ па екен деп ол бұрыштан басын қылтитты. Someone had poked a message under the door. – Біреу есіктің астына записка тастап кетіпті. Don't poke her eye out with that stick! – Ана таяқпен оның көзін шұқып ағызып жіберме! The man poked a finger at my shirt. – Ол кісі жейдемді саусағымен түртті. 3.қылтию, шошаю, шығып/ көрініп тұру The end of the cable was left poking out of the wall. – Кабельдің ұшы қабырғадан қылтиып тұрды. A bony elbow poked through a hole in his sweater. – Оның свитерінің тесігінен шынтақ сүйегі көрініп тұрды. Clumps of grass poked up through the snow. – Қар астынан шөп ұштары қылтиып тұрды. 4. ∼ a hole in smth (with smth) тесу, ою, тесік/ ойық жасау The kids poked holes in the ice with sticks. – Балалар таяқпен мұзды ойғылады. 5. ∼ smb (taboo, slang) біреумен жыныс қатынасына түсу 6. (idm) *poke fun at smb/smth келекелеу, әжуалау, мысқылдау, мазақтау (synridicule) Her novels poke fun at the upper class. – Оның романдары жоғарғы тапты әжуалайды. She’s always poking fun at herself. – Ол ылғи өзін-өзі әжуалап жүреді. *poke/stick your nose into smth ​(informal) араласпайтын нәрсеге араласу He’s always poking his nose into other people’s business. – Ол қашан да басқа кісілердің шаруасына мұрнын сұғып жүреді. 7. (phr v) *poke about/around ​(informal) тінту, іздеу, ақтару The police spent the day poking around in his office but found nothing. – Полиция күні бойы оның офисін тінтіді, бірақ ештеңе таппады. (figurative) We've had journalists poking around and asking a lot of questions. – Көптеген журналист төңірегімізге келіп, әрнәрсені сұрап жүрді. *poke at smth шұқылау, сұққылау, түрткілеу He poked at the spaghetti with a fork. – Ол спагеттиді шанышқымен/ айырмен шұқылады. B.n 1. (саусағымен, тб) түртіп қалу(шылық), нұқып қалу, итеріп қалу to give the fire a poke – отты үдету He gave me a poke in the ribs to wake me up. – Мені ояту үшін ол қабырғамнан түртті. When I mentioned the money I got a poke in the back. – Ақша жайлы айтқанымда, артымнан түртіп қалды. Carrie gave him a poke in the side. – Кәрри оның бүйірінен нұқыды. 2. (BrE) машинаның күші I prefer something with a bit more poke. – Маған күштірек бірнәрсе керек. 3. (idm) *​have a poke around ​(informal) жан-жағын қарау, көз жүгірту, көз тастау; бір мәлімет іздестіру His mother often goes into his room and has a good old poke around. – Шешесі оның бөлмесіне жиі барып, бір қарап/ көз жүгіртіп кетеді. *(buy) a pig in a poke ойланбастан/ тексерместен сатып алу Buying from a catalogue can mean buying a pig in a poke. – Каталогтан сатып алам деп сан соғуың мүмкін. *take a poke at smb/smth (NAmE, old-fashioned, informal) әжуалау, мысқылдау, келекелеу, мазақтау