pole [pəʊl] A.n 1.қада, сырық, бақан, қазық, таяқ ♦a tent pole – шатырдың/ палатканың бақаны ♦a ski pole – шаңғы таяғы ♦a curtain pole – перде сырығы 2.полюс (Жердің екі полюсінің бірі) ♦the North/South Pole – Солтүстік/ Оңтүстік полюс ♦The meridian is an imaginary line drawn from pole to pole. – Меридиан – екі полюстің арасында ойша жүргіз(іл)ген сызық. ♦The north magnetic pole lies to the west of the geographic North Pole. – Солтүстік магнит полюсі географиялық Солтүстік полюстің батысында жатыр. 3. (physics) магнит өрісі (магниттің екі жағының бірі); анод (-) не катод (+) немесе полюс (аккумулятордың, батареяның оң не теріс зарядты нүктелері) 4.қарама-қарсы жақтың бірі ♦Their opinions were at opposite poles of the debate. – Пікірталас кезінде екеуінің пікірі бір-біріне мүлде қайшы болды. 5. (idm) *be poles apart мүлде бөлек болу; ортақ ешнәрсесі болмау ♦Her own friends were poles apart from his. – Оның (қыздың) достары оның (жігіттің) достарынан мүлде бөлек еді. ♦In temperament, she and her sister are poles apart. – Темпераменті жағынан онымен әпкесі/ сіңлісі мүлде бөлек. *the greasy pole [қ-з: greasy (5)] *not touch smb/smth with a ten-foot pole (NAmE) [қ-з: bargepole (2)] *up the pole (BrE, old-fashioned, informal) ақымақ B.v pole (smth) қайықты сырықпен судың түбін итере қозғау ♦He hired a punt and poled upstream. – Ол қайық жалдап, жоғары қарай сырықпен жүзді.
Pole [pəʊl] n поляк, польшалық