poor [pɔː(r); pʊə(r)] adj (∼er, ∼est) 1.кедей, жарлы, жарлы-жақыбай, пақыр, ғаріп, мұқтаж (opp: rich) ♦They were too poor to buy shoes for the kids. – Олар өте кедей еді; балаларына аяқ киім алып бере алмайтын. ♦We aim to help the poorest families. – Өте кедей үй-іштеріне көмектеспек ойымыз бар. ♦It's among the poorer countries of the world. – Бұл – әлемнің ең кедей елдерінің қатарында. ♦This is a relatively poor neighbourhood. – Бұл - біршама кедей аудан. ♦Andrew grew up desperately poor. – Әндрю мұқтаждық азабын тартып өсті. ♦They were so poor that they couldn't afford to feed their family. – Олардың кедей болғаны соншама, үй-іштеріне тамақ тауып бере алмайтын. ♦a country poor in natural resources – табиғи ресурстарға кедей ел ♦soil poor in nutrients – құнарсыз топырақ 2. the ∼ n кедейлер, кедей адамдар, кедей-кепшік, жарлы-жақыбай (opp: the rich) ♦They provided food and shelter for the poor. – Олар кедей адамдарға азық-түлік пен баспана берді. 3.байғұс, бейшара, сорлы ♦Have you heard about poor old Harry? His wife's left him. – Ана байғұс Һәрри жайлы естідің бе? Әйелі кетіп қалыпты (дейді). ♦It's hungry - the poor little thing. – Аш екен ғой – байғұс-ау. ♦‘I have stacks of homework to do.’ ‘Oh, you poor thing.’ – «Үйдегі шаруам бастан асады». «О, байғұс-ай, ә». ♦Some poor soul will have to clean the house after the party. – Жиын-тойдан кейін бір байғұс келіп артынан жию керек. 4.нашар, жаман ♦the party’s poor performance in the election – партияның сайлауда нашар болуы ♦The food was of very poor quality. – Тамақтың сапасы өте нашар екен. ♦She's been in poor health for some time now. – Біраз болды денсаулығы болмай жүр. ♦The cottage was in poor physical condition. – Коттедж тозып кеткен екен. ♦It was raining heavily and visibility was poor. – Нөсер құйып тұрды да онша көрінбеді. ♦poor food/light/soil – нашар тамақ/ жарық/ топырақ ♦to have a poor opinion of somebody – біреу жайлы нашар ойлау ♦a poor swimmer – нашар жүзуші ♦a poor judge of character – адамдарды(ң мінезін) нашар танитын кісі ♦She's a good teacher but a poor manager. – Ол жақсы мұғалім болғанымен, нашар басқарушы. ♦a poor sailor – нашар (ауырып қала беретін) теңізші ♦∼ at (doing) smth Many companies are poor at dealing with telephone complaints. – Телефон арқылы түскен шағымдармен көптеген компания нашар айналысады. 5. (idm) *be/come a poor second, third, etc. (especially BrE) мәреге жеңімпаздан көп қалып келу, артта келу *the poor man’s smb/smth нашар болса да ұқсас нәрсе ♦Sparkling white wine is the poor man's champagne. – Көбіктенетін ақ шарап - кедейдің шампаны.