popular [ˈpɒpjələ(r)] adj 1.жұрт жақсы көретін, жұртқа сыйлы, жұрт құштар, жұрт арасында атақты (opp: unpopular) ♦Andalucia is a popular tourist destination. – Андалусияға туристер көп барады. ♦an extremely/immensely popular TV show – жұрт өте құштар/ өте қызыға көретін телешоу ♦This annual event is wildly popular. – Бұл жылдық шараны жұрт өте жақсы көреді. ♦This is one of our most popular designs. – Бұл жұрт арасында кең тараған дизайндеріміздің бірі. ♦The use of case studies has become increasingly popular in higher education. – Жоғары оқу орындарында істі зерделеу кең таралуда. ♦∼ with smb These policies are unlikely to prove popular with middle-class voters. – Бұл саясат орта тап сайлаушылардың көңілінен шыға қоймас-ау. ♦I'm not very popular with my parents at the moment. – Қазіргі кезде ата-анама онша жақпай жүрмін. ♦(ironic) ‘Our dog got into the neighbour's garden again!’ ‘You'll be popular.’ – «Итіміз көршінің бағына тағы түсіпті!» «Атың шығатын болыпты ғой». 2. (sometimes disapproving) көпшілік(тің), жұрт(тың), поп, көпшілік ұнататын, жұрт құштар, жұртқа сыйлы ♦popular music/songs/culture/ fiction – жұрт құштар эстрадалық музыка/ әндер/ поп-культура/ поп-фикшн ♦This story has been widely reported in the popular press. – Бұл әңгіме жайлы көпшілік баспасөзде көп жазды. ♦The band's success is largely due to the popular appeal of the lead singer. – Ансамбльдің табысқа жету себебі – олардың басты әншісі жұрт арасында сыйлы. 3.жұрт/ көпшілік арасында кең таралған (түсінік, тб) ♦There's a popular misconception that it's a difficult instrument to play. – Жұрттың көбі дұрыс ұқпай, бұл аспапта ойнаған қиын деп ойлайды. ♦Contrary to popular belief, women cause fewer road accidents than men. – Жұрт ойлағандай емес, әйелдерге қарағанда ерлер көбінесе жол оқиғасына себепкер. ♦Popular opinion was divided on the issue. – Бұл мәселеде жұрт пікірі айырылды. ♦By popular demand, the tour has been extended by two weeks. – Жұрттың талап етуі бойынша, сапарды екі аптаға ұзартты. ♦Their story has captured the popular imagination. – Олардың әңгімесіне жұрт қызықты. 4.жұрт(тың), көпшілік(тің) ♦The party still has widespread popular support. – Партия әлі (де) жұрт арасында кең қолдауға ие/ өте сыйлы. ♦a share of the popular vote – сайлаушылар дауысындағы үлес ♦The regime was overthrown by a popular uprising. – Жұрт көтеріліп, режим құлады. 5. (idm) *conventional/received/ popular wisdom жұрт(шылық)/ көп(шілік) пікірі/ ұғымы ♦Conventional wisdom has it that riots only ever happen in cities. – Жұрт жаппай бұзақылықтар тек қалада болады деп ойлайды.