population [ˌpɒpjuˈleɪʃn] n 1.тұрғындар, халық (саны) ♦One third of the world’s population consumes/consume two thirds of the world’s resources. – Дүние халқының үштен бірі әлемдегі ресурстардың үштен екісін тұтынады. ♦The country has a total population of 65 million. – Елдің жалпы халқы – 65 млн. ♦The entire population of the town was at the meeting. – Жиылыста кенттің барлық халқы/ тұрғыны болды. ♦countries with ageing populations – тұрғындары қартайып жатқан елдер ♦Muslims make up 55 per cent of the population. – Мұсылмандар халықтың 55 процентін құрайды. ♦an increase in population – халық санының өсуі ♦areas of dense/sparse population – халық жиі/ сирек қоныстанған аймақтар. ♦The population is increasing at about 6 per cent per year. – Халық саны жыл сайын 6 процентке өсуде. ♦population growth/density – халық санының өсімі/ тұрғындар(дың қоныстану) жиілігі 2.тұрғындар саны; аңдар саны; популяция ♦the adult/student/working population – ересектер/ студенттер/ жұмыстағылар (саны) ♦the rural/urban population – ауыл/ қала халқы/ тұрғындары ♦The disease is relatively uncommon in the general population. – Тұрғындардың көпшілігіне бұл ауру пәлендей таныс емес. ♦The prison population is continuing to rise. – Абақтыдағылардың/ Түрмедегілердің саны өсе түсіп отыр/ өсе түсуде. ♦He was accused of war crimes against the civilian population. – Оны бейбіт тұрғындарға қарсы әскери қылмыстар жасады деп айыптады. ♦Oil spillages are disastrous for fish populations. – Мұнай(дың) төгілуі балықтарға/ балық популяцияларына қатерлі. 3. (statistics) тұрғындар; мекендеушілер; популяция