portray [pɔːˈtreɪ] v 1. ∼ smb/smth (суретте, картинада) бейнелеу, суреттеу (syn: depict) ♦The painting portrays the duke’s third wife. – Картинада герцогтің үшінші әйелі бейнеленген. ♦He was one of the first to portray animals from the New World. – Ол Жаңа әлемдегі (Солт. және Оңт. Америка) жануарларды алғаш бейнелеген адамдардың бірі болды. ♦His war poetry vividly portrays life in the trenches. – Оның соғыс поэзиясы окоптардағы өмірді анық бейнелейді/ суреттейді. 2. ∼ smb/smth (as smb/smth) (біреуді/ өзін пәлендей етіп) көрсету (syn: represent) ♦Throughout the trial, he portrayed himself as the victim. – Соттың басынан аяғына дейін ол өзін жапа шеккен адам болып көрсетті. 3. ∼ smb/smth (фильмде, тб) рөлде ойнау (syn: play) ♦Her father will be portrayed by Jim Broadbent. – Оның әкесін(ің рөлін) Джим Бродбент ойнайтын болады.