pose [pəʊz] A.v 1. ∼ smth (қиындық, қауіп, тб) туғызу, төндіру ♦to pose a threat/risk/challenge/danger – қауіп төндіру/ қиындық туғызу ♦the threat posed by terrorism – терроризм туғызатын қатер ♦Obesity poses real risks to health and happiness. – Семіздік денсаулық пен бақыт үшін нағыз қиындықтар туғызады. ♦The task poses no special problems. – Бұл тапсырма пәлендей қиын болмайды. ♦to pose a hazard/obstacle/barrier – қауіп туғызу/ кедергі келтіру 2. ∼ a question (formal) сұрақ қою ♦The teacher posed a question to one of her class. – Мұғалім оқушылардың біріне сұрақ қойды. 3. ∼ (for smb/smth) (суретке түсу не сурет салдыру үшін) бой түзеу, белгілі бір қалыпта болу ♦The delegates posed for a group photograph. – Делегаттар бірге фотосуретке түсті. ♦They posed briefly for pictures before driving off. – Олар кетер алдында қысқа ғана фотографтарға көрінді. ♦She was only too delighted to pose for the cameras. – Ол қуана-қуана/ мәз бола камераларға қарап бой түзеді. ♦He was persuaded to pose for his portrait. – Оны өз портретін салуға көндірі. 4. ∼ as smb (өтіріктен) біреу сияқты болып көріну ♦The gang entered the building posing as workmen. – Қылмыскерлер ғимаратқа жұмысшымыз деп кірген. 5. (disapproving) шікірею, кербездену, мақтану, сәндену ♦I saw him out posing in his new sports car. – Оның өзінің жаңа спорт машинасына мініп шікірейіп жүргенін көрдім. B.n 1. (тұрған) тұрыс, отырыс, дене қалпы, поза ♦He adopted a relaxed pose for the camera. – Ол денесін бос ұстап камераға қарады. 2. (disapproving) қылымсу, жасамық қылық істеу (syn: affectation) ♦This show of concern is just a pose. – Әшейін жаны ашыған сияқты болып көрінген(і) ғой. 3. (idm) *strike a pose/an attitude (сырт көзге) өзін пәлендей етіп көрсету ♦to strike a dramatic pose – елбірей көріну ♦(figurative) He strikes an attitude of bravery and lonely defiance. – Ол өжет әрі ешкімнен қаймықпаған тәкаппар болып көрінеді.