posit [ˈpɒzɪt] v (formal) ∼ smth | ∼ that… пайымдау, ұғу, тұжыру (syn: postulate) ♦Most religions posit the existence of life after death. – Діндердің көпшілігі/ көбі өлімнен кейін өмір бар деп пайымдайды/ тұжырады. ♦She posits that ideas of gender are socially constructed. – Ол гендер туралы ұғымдарды әлеумет қалыптастырған деп пайымдайды. ♦They were forced to modify the political premises on which the regime was posited. – Олар режим негіз етіп алған ұғымдарды икемдеуге мәжбүр болды.