position [pəˈzɪʃn] A.n 1.орын, тұс, жер ♦Where would be the best position for the lights? – Жарықтарды қай жерге орнатқан/ орналастырған дұрыс? ♦from a/your ∼ From his position on the cliff top, he had a good view of the harbour. – Құздың төбесіндегі орнынан ол айлақты жақсы көре алды. ♦She looked down over the scene from a raised position. – Ол көтеріңкі тұстан төмен, көрініске қарады. ♦in a ∼ These plants will grow well in a sheltered position. – Бұл өсімдіктер қалқада/ ықта жақсы өседі. ♦The hotel stands in an elevated position looking out over the lake. – Қонақ үй биік, көлге жоғарыдан қарай орналасқан. 2.орын; орналасу; позиция (скрипкада) ♦He took up his position by the door. – Ол есіктің жанынан орын алды. ♦in ∼ Is everybody in position? – Әркім өз орнында ма? ♦The dancers all got into position. – Бишілердің бәрі орындарына тұрды. ♦She was learning to change her hand from first to third position. – Ол (скрипка ойнағанда) саусақтарын бірінші позициядан үшінші позицияға сырғытуды үйреніп жүрген. 3.қалып, күй ♦a sitting/standing/kneeling position – отырған/ тұрған/ тізерлеген қалып ♦My arms were aching so I shifted (my) position slightly. – Қолдарым ауырып тұрғандықтан сәл қозғалдым. ♦The soldiers had to stand for hours without changing position. – Солдаттар бір қалыпта сағаттап тұруға мәжбүр болды. ♦in a… ∼ Keep the box in an upright position. – Жәшікті тік(теп) қой. ♦Make sure that you are working in a comfortable position. – Жұмыс орныңның жайлы екеніне көз жеткіз. ♦She moved the seat into a reclining position. – Ол орындығын шалқайтты. 4.жағдай, күй, хал, ахуал, қалып; орын, позиция ♦The company's financial position is not certain. – Компанияның қаржы жағдайы - бұлыңғыр. ♦The company hopes to maintain its position as market leader. – Компания өзінің рынок озаты қалпын/ позициясын сақтағысы келеді. ♦in your ∼ What would you do in my position? – Менің орнымда/ жағдайымда не істер едің? ♦in a… ∼ This put him and his colleagues in a difficult position. – Бұл оны мен әріптестерін қиын жағдайға қалдырды. ♦This recent sale puts us in a strong position. – Жуырдағы сату жағдайымызды мықтайды. ♦to be in a position of power/strength/authority – билікте/ қауқарлы болу ♦in a ∼ to do smth I'm afraid I am not in a position to help you. – Саған көмек бере алмаспын-ау деп қорқамын. ♦You are in no position to complain. – Шағымданатын жөнің жоқ. 5.пікір, ой, көзқарас, позиция ♦She has made her position very clear. – Ол өз ойын анық аңғартты. ♦to change/reconsider/ shift your position – пікірін/ позициясын өзгерту ♦∼ on smth the party’s position on education reforms – партияның білім жүйесін реформалауға қатысты позициясы ♦∼ that… My parents always took the position that early nights meant healthy children. – Ата-анам ылғи да ерте жатқан бала денсаулығына пайдалы деп ойлайтын. 6.мәртебе, орын, жағдай, статус, позиция ♦the position of women in society – әйелдің қоғамдағы орны/ мәртебесі/ статусы ♦the company’s dominant position in the world market – компанияның әлем рыногындағы үстем орны/ позициясы ♦Atkins occupies a remarkable position in the history of photography. – Аткинс фотография тарихында елеулі орын алады. ♦Wealth and position were not important to her. – Дәулет пен мәртебе ол үшін маңызды болмады. 7. (formal) қызмет, мансап (syn: post) ♦He held a senior position in a large company. – Ол ірі компанияда жоғары қызметте болған. ♦I should like to apply for the position of Sales Director. – Сауда бөлімі директоры қызметіне арыз/ өтініш жазғым келеді. ♦They are advertising for a clinic coordinator and hope to fill the position by June. – Олар клиника үйлестірушісі/ координаторы қызметіне адам іздеп жүр, сөйтіп бұл орынға маусым айында біреуді тапқысы келеді. ♦We need more women in leadership positions. – Жетекшілік қызметтерге бізге әйелдер көбірек керек. 8. (жарыстағы, тб) орын ♦United's 3 - 0 win moved them up to third position. – Юнайтед 3 – 0 (есебімен) жеңіп үшінші орынға шықты. 9. орын, тұс, позиция (ойын алаңындағы) ♦What position does he play? – Ол қай тұста/ позицияда ойнайды? ♦Nakata had to play out of position when the defender was injured. – Қорғаушы жарақаттанған кезде Наката өз орнынан ойыса ойнады. 10. (соғыс, атыс кезіндегі) позиция, шеп ♦They attacked the enemy positions at dawn. – Олар таңсәріде жау шебін/ позициясын атакалады/ шабуылдады. ♦The defence stuck firmly to its position. – Қорғаныс өз шебінде/ позициясында қадалып қалды. B.v орналастыру, орынға қою, орнықтыру (syn: place) ♦∼ smb/smth/yourself She quickly positioned herself behind the desk. – Ол тез арада столдың әр жағына орналасты. ♦Large television screens were positioned at either end of the stadium. – Үлкен телеэкрандар стадионның екі жақ шетінде орналасты. ♦Position your hands correctly on the shaft of the club. – Таяқтың сабынан дұрыстап ұста(ңыз). ♦be ∼ed to do smth The company is now well positioned to compete in foreign markets. – Компания енді шетел рыноктарында бәсекеге түсетін халге жетті.