positive [ˈpɒzətɪv] A.adj 1.жақсы, оң, дұрыс (opp: negative (A)) ♦The tests have so far yielded positive results. – Сынақтар/ Тестілер әзірге оң нәтиже беруде. ♦The contributions have a positive impact on the lives of hundreds of children. – Жәрдемдер жүздеген баланың өміріне оң әсер етеді. ♦Overseas investment has had a positive effect on exports. – Шет елдердегі инвестиция экспорттарға оң әсер етуде. ♦His family have been a very positive influence on him. – Үй-іші оған өте жақсы әсер етуде. ♦The only positive outcome of that day was that our country came together. – Сол күнгі оң нәтиже еліміздің бірлесуі болды. ♦to make a positive contribution to a discussion – талқылауға оң үлес қосу 2.жақсы, дұрыс, оң, құптаған (opp: negative (A)) ♦It's always nice to get positive feedback. – Құптаған пікірлер алған қашан да жақсы. ♦We've had a very positive response to the idea. – Ойымызды/ Идеямызды өте құптаған жауап алдық. ♦The company expects a positive reaction to these new products. – Компания осы жаңа өнімдерге жұрт оң қабақ танытады деп ойлайды. ♦There were some overwhelmingly positive reviews. – Ерекше бір жақсы бағалаулар болды. ♦I should probably say something positive. – Құптай сөз айтқаным дұрыс болар. 3.оң, дұрыс (opp: negative (A)) ♦We must take positive steps to deal with the problem. – Осы проблемамен айналысу үшін оң қадамдар жасауымыз керек. ♦In the last few years, positive changes have been made. – Кейінгі бірнеше жылдарда оң өзгерістер болды. ♦It will require positive action by all in the industry. – Бүткіл индустрияның/ өнеркәсіптің оң қадам жасауы керек болады. 4. (opp: negative (A)) оң, дұрыс, жағымды ♦a positive attitude/outlook – оң пейіл/ перспектива ♦the power of positive thinking – оң пейілдің/ ойлаудың күші ♦∼ about smth She tried to be more positive about her new job. – Ол өзінің жаңа жұмысына дұрыс пейілмен қарауға тырысты. ♦On the positive side, profits have increased. – Оң нәтижелерге келсек, табыс өсті. ♦The report ended on a positive note. – Есеп/ Баянат дұрыс қорытындымен аяқталады. ♦There were times when it was difficult to remain positive. – Түңілген кездер де болған. ♦Analysts remain positive on the outlook for the shares over the long term. – Эксперттер акциялардың ұзақ мерзімдегі күйі жақсы болады дейді. ♦Another positive sign is that many companies have recently raised their dividend payouts. – Көп(теген) компанияның кейінгі кездері табыс төлемдерін арттырғаны – жағымды нәрсе. ♦The goal was to create a positive image of older workers. – Мақсат егде жұмысшылардың келбетін жағымды етіп көрсету еді. 5.бар, рас, шын, оң (opp: negative (A)) ♦a positive pregnancy test – жүктіліктің/ ауыр аяқтықтың расталуы ♦The athlete tested positive for steroids. – Атлетте стероидтің барлығы расталды. ♦If your test results are positive, it means that blood was detected. – Тестің оң шықса, қаныңды (оқиға орнынан) байқағаны. ♦to be HIV positive – бойында АИВ (ВИЧ) болу ♦The test proved positive. – Тест оң нәтиже берді./ Тест (ауруды, тб) растады. 6.рас/ шын екеніне сенімді ♦∼ about smth I can't be positive about what time it happened. – Қашан болғанын нақты білмеймін. ♦∼ (that)… She was positive that he had been there. – Ол (әйел) ол (еркек) сонда болды деді. ♦I'm absolutely positive it was him. – Оның сол екенінде шүбәм жоқ. ♦ ‘Are you sure?’ ‘Positive.’ – «Сенімдісің бе?» «Иә». 7.нақты, анық, айқын, бұлтартпас (syn: conclusive) ♦The results show a positive correlation between exercise and self-esteem. – Нәтижелер жаттығу мен өзіне-өзі құрметтің өзара нақты байланысты екенін көрсетеді. ♦We have no positive evidence that she was involved. – Оның араласқанын дәлелдейтін бізде нақты айғақ жоқ. ♦(formal) This is proof positive that he stole the money. – Оның ақшаны ұрлағанына нақты дәлел бар. 8. (informal) нағыз (syn: absolute) ♦He has a positive genius for upsetting people. – Ол кісіні ренжіткенге барып тұрған/ нағыз шебер. ♦It was a positive miracle that we survived. – Аман қалғанымыз тегі бір құдайдың кереметі болды. 9. (also affirmative) (грамматикада) болымды (сөйлем, тб) (opp: negative (A4)) ♦A positive statement has a negative question tag. – Болымды сөйлемге болымсыз сұрақ қояды. 10.плюс, нөлден жоғары (opp: negative (A)) 11. (specialist) оң (заряд), плюс (opp: negative (A)) ♦a positive charge – оң заряд ♦the positive terminal of a battery – батареяның катоды/ плюс жағы B.n 1.оң болу(шылық), дұрыстық, жақсы болу ♦What are the positives and negatives of going this route? – Осы жолмен жүргеннің қандай дұрыс және теріс жақтары бар? ♦I get a lot of positives from my job. – Жұмысымның маған тигізер пайдасы көп. ♦The deal is seen as a positive for both companies. – Контаркт екі компанияға да тиімді көрінеді. 2. (мед-қ анализ, тб ж) рас, шын, бар, оң (opp: negative (B3)) ♦The result can be a false positive - indicating a problem where none actually exists. – Ешқандай проблема болмаса да кейде жаңылып/ өтірік шын деп көрсетеді. 3. (specialist) позитив (қағазға, тб шығарылған фотография)