positively [ˈpɒzətɪvli] adv 1.тіпті, тіптен; керісінше (таңғалысты, кереғарлықты білдіреді) ♦Some diets may be positively dangerous. – Кейбір диеталар тіпті/ керісінше қауіпті болуы мүмкін. ♦The instructions were not just confusing, they were positively misleading. – Нұсқаулар шатастырын ғана емес, тіпті/ керісінше адастыратын күйде еді. ♦Tonight’s performance is positively the last time the band will appear together. – Осы кешкі концертте ансамбль соңғы рет бірге өнер көрсетпек. 2.жақсы, жағымды, оң, дұрыс (opp: negatively) ♦Very few of those interviewed spoke positively about their childhood. – Әңгімелескендердің бірнешеуі ғана өз(дерінің) балалық шақтары жайлы жақсы айтты. ♦Thinking positively is one way of dealing with stress. – Жақсы ойлау стресті оңғарудың бір жолы. ♦She was portrayed very positively in the movie. – Ол фильмде жағымды бейнеленген. 3.дұрыс, оң, жақсы (opp: negatively) ♦The industry has responded positively to these developments. – Индустрия бұл өзгерістерге оң қабақ танытты. ♦Investors reacted positively to news of the takeover. – Инвесторлар компания егесінің/ қожайынының өзгеретінін дұрыс қабылдады. 4.нақты, анық, айқын (syn: conclusively) ♦Her attacker has now been positively identified by police. – Қол көтерген/ Ұрған адамды полиция нақ анықтады. 5. (specialist) оң зарядты (opp: negatively) ♦positively charged protons – оң зарядты протондар