possession [pəˈzeʃn] n 1.жеке заттары, мүлкі (syn: belongings) ♦Prisoners were allowed no personal possessions. – Тұтқындардың/ Абақтыдағылардың жеке зат иеленуіне тыйым салынды. ♦One of Jane's most prized possessions was her photo album. – Джейн үшін ерекше қымбат заттарының бірі фотоальбомы еді. ♦The ring is one of her most treasured possessions. – Жүзік - оның ерекше аялап ұстайтын заты. ♦Please make sure you have all your possessions with you when leaving the plane. – Ұшақтан шығар алдында заттарыңыз қалып қалмасын, тексеріңіз. 2. (formal) (өзінде) болу(шылық); иелік ету, иемдену(шілік) ♦∼ of smth The possession of a passport is essential for foreign travel. – Шетелге шыққанда паспорт болуы керек. ♦They had exclusive possession of the property as tenants. – Тұрғындар ретінде олар үй-жайды толығымен өздері иемденді. ♦On her father's death, she came into possession of a vast fortune. – Әкесі қайтыс болғанда ол аса ірі дәулетке ие болды. ♦You cannot legally take possession of the property until three weeks after the contract is signed. – Контрактіге қол қойғаннан кейін үш апта өтпейінше үй-жайдың заңды иесі бола алмайсыз. ♦in smb's ∼ The manuscript is just one of the treasures in their possession. – Қолжазба оларға тиесілі құнды заттардың біреуі ғана еді. ♦in ∼ of smth The gang was caught in possession of stolen goods. – Бандадан/ Қылмысты топтан ұрланған заттарды тапты. ♦drug possession – есірткі ұстау/ өзімен бірге есірткі болу ♦weapons/firearms possession – қару/ ататын қару ұстау 3. (ойында) допқа иелік ету ♦to win/get/lose possession of the ball – допты алу/ допты беріп қою ♦The home team had most of the possession in the first half. – Бірінші жартыда/ таймда доп көбінесе алаң иелерінде болды. ♦The team was struggling to retain possession of the ball. – Команда допқа әрең ие болуда. 4.заңсыз (есірткі, қару, тб) иелену/ ұстау ♦She was charged with possession. – Оны заңсыз заттар ұстады деп айыптады. ♦They were charged with unlawful possession of firearms. – Оларды заңсыз атыс қаруын ұстады деп айыптады. 5. (formal) отар (ел), колония, (отар) иелік ♦The former colonial possessions are now independent states. – Бұрынғы отар елдер қазір тәуелсіз мемлекеттер. ♦the country's overseas possessions – елдің тыстағы иеліктері 6.бойын жын-шайтан билегендік, жын ұстағандық, қояншықтық 7. (idm) *possession is nine tenths of the law (saying) «иелік заңның оннан тоғызы», бірнәрсе иелігіңізде болса, оны басқа біреулерлің даулауы қиын дег мағ