possible [ˈpɒsəbl] A.adj 1.мүмкін, ықтимал, (бірн-е істеуге) болатын (opp: impossible) ♦∼ to do smth New technology has made it possible to communicate more easily. – Жаңа технология байланысуды көп жеңілдетті. ♦it is ∼ to do smth It is possible to get there by bus. – Ол жерге автобуспен баруға болады. ♦It's just not physically possible to finish all this by the end of the week. – Осының бәрін апта соңына дейін бітіру тегі мүмкін емес. ♦it is ∼ for smb to do smth Would it be possible for me to leave a message for her? – Оған хабар тастап кетсем бола ма? ♦This wouldn't have been possible without you. – Сенсіз/ Сізсіз бұл мүмкін емес еді. ♦I'd like the money back by next week if possible. – Мүмкін болса, ақшаны келесі жетіде кері алғым келеді. ♦Try to avoid losing your temper if at all possible. – Мүмкін болса, сабаңнан мүлде шықпауға/ ашуланбауға тырыс. ♦Use public transport whenever possible. – Мүмкін болса, қоғам көлігін/ қоғамдық транспортты пайдалан. ♦The doctors did all that was humanly possible to save him. – Оны аман алып қалу үшін дәрігерлер қолда бардың бәрін жасады. ♦We spent every possible moment on the beach. – Мүмкін болғанынша, пляжда болдық. ♦Expansion was made possible by the investment of government money. – Кеңею үкімет ақшасының арқасында болды. ♦This film was better than I thought possible. – Мен ойлағандай емес, мына фильм жақсы екен. 2. мүмкін, ықтимал ♦the possible side effects of the drug – дәрінің ықтимал теріс әсерлері ♦a possible future president – болашақ ықтимал президент ♦Frost is possible, although unlikely, at this time of year. – Жылдың осы кезінде аяз мүмкін, алайда бола қоймас. ♦it is ∼ (that)… It is quite possible that the river will flood again. – Өзеннің тағы да тасуы әдбен мүмкін. ♦It's just possible that I gave them the wrong directions. – Оларға басқа бағытты/ жақты көрсеткен сияқтымын. ♦‘You might be wrong, of course!’ ‘It’s possible, but I doubt it.’ – «Қателесуің, әрине, мүмкін!» «Мүмкін, бірақ олай емес-ау». ♦‘Do you think he’ll resign?’ ‘Anything’s possible where he’s concerned.’ – «Ол қызметінен кетеді деп ойлайсың ба?» «Оған келгенде бәрі мүмкін». ♦a possible outcome/ effect/consequence – ықтимал нәтиже/ әсер/ салдар ♦We have to look at every possible scenario. – Оқиғаның барлық өрбу мүмкіндігін қарастыруымыз керек. 3.қисынды, көңілге/ ақылға қонымды, орынды, жөнді ♦There are several possible explanations. – Бірнеше себеп болуы мүмкін. ♦Please suggest possible ways in which you would improve the existing program. –Айт(ыңыз)шы, қазіргі программаны қалай жақсарта алар едің(із). ♦a possible solution – ықтимал шешім ♦One possible cause/reason is… - Ықтимал себептердің бірі... 4. (сын есімдерден кейін келіп, ең жақсы, жаман, тсс мағынаны білд) ♦It was the best possible surprise anyone could have given me. – Бүйтіп мені ешкім де таңғалдыра алмас еді. ♦Don't leave your packing until the last possible moment. – (Жолға) жиналуыңыды өте кеш қалдырма. ♦Jacobs faces the maximum possible sentence of five years imprisonment. – Джәкобс ең көп дегенде бес жыл абақтыға кесіледі. 5. (idm) *as quickly, much, soon, etc. as possible барынша/ мүмкін болғанынша тез, көп, ерте(рек), тб ♦We will get your order to you as soon as possible. – Заказыңызды сізге барынша тез жеткіземіз. ♦Try to give as much detail as possible in your answer. – Жауабыңды барынша тиянақты/ жан-жақты ет. ♦She did as much as possible to help him. – Ол оған көмектесу үшін қолынан келгенін аямады. *the best/worst of all possible worlds барынша жақсы/ жаман жағдай ♦In the best of all possible worlds, you should be able to develop your career and enjoy a rewarding family life. – Мүмкін болса, неге жақсы қызмет істеп, үй-ішіңмен бірге қызық көрмеске. ♦The current economic situation is the best of all possible worlds for investors. – Қазіргі экономикалық жағдайдай жағдайды инвесторлар таппайды. *the best of both worlds/all possible worlds қолда бар мүмкіндіктердің пайдасы, пайдалы жақтары ♦She works in the city and lives in the country, so she gets the best of both worlds. – Ол қалада істеп, ауылда тұрады, сөйтіп екі жақтың да пайдасын көруде. ♦Maybe in the best of all possible worlds things would be different. – Егер жағдай дұрыс болғанда бұлай болмас па еді. *the worst of all (possible) worlds ең қиын жағдай B.n лайықты/ сай адам/ нәрсе, жарайтын адам/ нәрсе ♦Out of all the people interviewed, there are only five possibles. – Әңгімелескен кандидаттардың ішінен бірнешеуі ғана лайықты/ жарайды.