post [pəʊst] A.n 1. (BrE) (also mail) пошта, почта ♦by ∼ I'll send the original to you by post. – Оригиналды/ Түпнұсқаны саған/ сізге почтамен жіберемін. ♦I sent it by first-class post. – Оны (о затты) бірінші класты почтамен салдым/ жібердім. ♦in the ∼ I'll put the documents in the post to you tomorrow. – Документтерді саған/ сізге почтамен ертең саламын. ♦My application got lost in the post. – Өтінішім почтада жоғалып кетіпті. 2. (BrE) (also mail) пошта(мен келген хат-хабар, посылка, тб), почта ♦There was a lot of post this morning. – Бүгін таңда/ ертеңгісін көп почта болды. ♦Have you opened your post yet? – Почтаң(ыз)ды аштың(ыз) ба? 3. (BrE) почтаны әкелетін я жиятын уақыт ♦to catch/miss the post – почтаға үлгеру/ үлгермеу ♦in the ∼ The parcel came in this morning's post. – Мына орама таңғы почтамен келді. ♦The form should arrive in the post tomorrow. – Форма почтамен ертең келуі керек. ♦Payment should be sent by return of post. – Төлемді кері почтамен жіберу керек. ♦Do you get a second post here? – Бұнда (күніне) почта екінші рет келе ме? 4. (also posting) (интернет арқылы блогқа, топқа жіберілген) пост, жазба, хабар, почта ♦I love reading her posts because I learn so much. – Оның постарын оқығанды жақсы көремін, себебі көп нәрсе үйренемін. ♦They have deleted all my posts. – Барлық постымды өшіріп тастапты. ♦∼ about smb/smth She wrote a post about the experience on her blog. – Ол өзінің тәжірибесі жайлы блогына жазыпты. ♦∼ by smb This post by Mark Brady is very interesting. – Марк Брәдидің посты өте қызық. ♦∼ from smb The forum does not allow posts from non-members. – Бұл форум мүше еместердің постын қабылдамайды. 5. қызмет, жұмыс, пост (syn: position) ♦an academic/a government post – академиялық қызмет/ үкімет қызметі ♦She took up a teaching post at Basle University. – Ол Базель университетіне мұғалім болып тұрды. ♦to resign (from)/quit/leave a post – қызметінен кету ♦We will be creating 15 new posts next year. – Келесі жылы 15 қызмет орнын жасаймыз. ♦The company has been unable to fill the post. – Компания (ол) қызметке адам таба алмады. ♦He has held the post for three years. – Ол о қызметте үш жыл істеді. ♦She was offered a key post in the new government. – Оған жаңа үкіметте маңызды/ мықты қызмет ұсынды. ♦∼ of smth He accepted the post of deputy prime minister. – Ол премьердің орынбасары болуға келісті. 6. (especially NAmE) (BrE usually posting) (басқа жаққа) қызметке жіберу ♦an overseas post – шетелдегі қызмет ♦The island is rated by diplomats as a hardship post. – Аралдағы жұмысты дипломаттар қиын дейді. 7.пост, (күзететін, тб) тұс, орын, пункт ♦a police/military/customs post – полиция посты/ әскери пост/ кеден посты ♦an observation post – бақылау посты/ пункті/ орны ♦a border post – шекара посты ♦The guards were ordered not to leave their posts. – Күзетшілерге постарыңнан кетпеңдер деп бұйрық берді. 8.қазық, қада, баған, бағана ♦She tied the dog to a post. – Ол итті қазыққа/ бағанаға байлады. ♦corner posts – бұрыш қадалар (футбол, тб алаңы бұрыштарындағы) ♦The team’s ‘net’ was a piece of string tied to two posts. – Команданың «тор» дегені екі қадаға байланған жіп болды. 9. the ∼ мәре, финиш (бәйгенің аяқталатын жері) ♦The first horse past the post wins the race. – Мәреден бірінші (болып) өткен ат жеңеді. ♦She led for most of the way before being pipped at the post. – Ол бәйгенің көп бөлігін озып келе жатып, мәреде жіберіп алды. 10. (also goalpost) (футболдағы, тб қақпаның екі бағанының бірі) баған, бағана, жақтау ♦The ball hit the post and bounced in. – Доп жақтауға тиіп барып ішке кірді. ♦He steered a shot between the goalkeeper and the near post. – Ол қақпашы мен жақын бағанның арасына соққы бағыттады. 11. (idm) *be driven, pushed, etc. from pillar to post [қ-з: pillar (6)] *(as) deaf as a post (informal) тас керең(гі), мүлде естімейтін B.v 1. (BrE) (NAmE mail) почтамен салу/ жіберу/ жөнелту ♦∼ smth The cost of posting a letter has gone up again. – Почтамен хат жіберу құны қайта(дан) көтерілді. ♦∼ smth off Have you posted off your order yet? – Заказың(ыз)ды почтаға салдың(ыз) ба? ♦∼ smth to smb Is it OK if I post the documents to you next week? – Документтерді келесі аптада саған/ сізге почтамен жөнелтсем бола ма? ♦∼ smb smth Is it OK if I post you the documents next week? – Документтерді келесі аптада саған/ сізге почтамен жөнелтсем бола ма? ♦Could you post this letter for me? – Мына хатты мен үшін почтаға сала аласың(ыз) ба? 2. ∼ smth тесік/ ойық арқылы салу/ тастау ♦Let yourself out and post the keys through the letter box. – Өзің шық та(ғы) кілттерді ойық арқылы почта жәшігіне сал(а сал). 3.уэб-сайтқа мәлімет, сурет қою, посттау ♦∼ smth on smth More details will be posted on the website tomorrow. – Толығырақ мәлімет ертең уэб-сайтқа қойылатын болады. ♦∼ smth Many thanks to all who have posted comments. – Пікір/ Комментарий жазғандардың бәріне көп рахмет. ♦I'll post some pictures when I get back. – Оралған(ым)да кейбір суреттерді сайтқа қоямын/ қоятын боламын. ♦to post a video/photo/message/link – видеоны/ фотоны/ хабарды/ лиңкті посттау 4. (especially NAmE) жария ету, хабарлау ♦∼ smth The company posted a $1.1 billion loss. – Компания $1.1 млрд шығын шеккенін хабарлады. ♦A snow warning was posted for Ohio. – Огайода қар жауады деген ескерту болды. 5.басқа жаққа қызметке, жұмысқа жіберу ♦be ∼ed She's been posted to Washington for two years. – Оны Вашингтонға екі жылға (қызметке) жіберді./ Ол екі жыл Вашингтонда қызметте болды. ♦Most of our employees get posted abroad at some stage. – Қызметкерлеріміздің көбін/ көпшілігін бір кезде/ кезеңде шетелге қызметке жібереді. ♦Balden was later posted to Luqa as station commander. – Болденді кейінірек Лукаға бөлім коммандирі ретінде жіберді. 6.күзетке қою ♦be ∼ed Guards have been posted along the border. – Шекараны бойлата күзетшілер қойды. ♦A police officer was posted outside the door to make sure the suspect didn’t leave the building. – Қылмысты үй-жайдан шығып кетпесін деп сыртқы есікке полиция офицерін қойды. 7.хабарлама ілу (syn: display) ♦be ∼ed A copy of the letter was posted on the noticeboard. – Хаттың копиясы хабарлама тақтасына ілінді. 8. ∼ bail/(a) bond (especially NAmE) (біреуді сотқа дейін босату үшін сотқа) кепіл ақша беру/ залог беру ♦She was released after posting $100 cash bond and her driver's license. - $100 және жүргізуші куәлігін беріп ол кепілге босады. 9. (idm) *keep smb posted (about/on smth) біреуді құлағдар/ хабардар етіп отыру ♦I’ll keep you posted on his progress. – Істің аяқ алысы жайлы өзіңе хабарлап тұрамын.
post- [pəʊst] prefix пост-, (бірнәрседен) соң, кейін ♦a postgraduate – аспирант ♦a post-Impressionist – постимпрессионист ♦the post-1945 period – 1945 жылдан кейінгі кезең