power [ˈpaʊə(r)] A.n 1.күш, қуат, шама, әл; ықпал, әсер ♦∼ to do smth He has the power to make things very unpleasant for us. – Жағдайымызды қиындатуға оның шамасы жетеді. ♦Religion is losing its power to shape our behaviour. – Дін мінез-құлқымызды сомдайтын қуатын жоғалтуда. ♦∼ over smb/smth The aim is to give people more power over their own lives. – Мақсат – адамдарды өз өмірлеріне өздерін ие ету/ адамдардың өз өмірлерін өз қолдарына беру. ♦The government wields enormous power over the economy. – Үкіметтің экономикаға ықпалы орасан зор. ♦in your ∼ She had him completely in her power. – Ол оны уысында ұстады. ♦In those days the king exercised real political power. – Ол кездері/ О заманда корольде нақты саяси күш болды. 2.өкімет, (саяси) билік ♦Hitler seized power in Germany in 1933. – Гитлер Германияда өкіметті 1933 жылы алды. ♦The following year he took power in a military coup. – Келесі жылы ол әскери төңкерісте билікті/ өкіметті алды. ♦Labour won two elections in 1974, but lost power in 1979. – Лейбористер 1974 жылы екі сайлауды жеңді, бірақ 1979 жылы биліктен айырылды. ♦in ∼ The present regime has been in power for two years. – Қазіргі режим билікте екі жыл болды. ♦The party came to power at the last election. – Партия өкіметке/ билікке кейінгі/ соңғы сайлауда келді. ♦They are hoping to return to power. – Олар(дың) билікке қайта оралғысы келеді. ♦a power struggle between rival factions within the party – партия ішіндегі бәсекелес фракциялар арасындағы айқас 3.энергия, қуат ♦nuclear/wind/solar power – ядролық энергия/ жел/ күн энергиясы ♦engine power – мотор/ двигатель қуаты/ энергиясы ♦wave power – толқын энергиясы ♦They used these streams to generate power for the mill. – Олар осы бұлақтарды/ ағыстарды тиірменді айналдыру үшін пайдаланды. ♦Solar power generation is greatly affected by cloud cover. – Күн энергиясын өндіруге бұлт кері әсер етеді. 4.электр энергиясы/ қуаты, жарық; энергетика ♦They've switched off the power. – Олар жарықты өшіріп тастады. ♦She was in the elevator when the power went off. – Жарық өшкенде ол лифтте еді. ♦The country's power supply is stretched to the limit. – Елдің электр/ жарық жеткізу шамасы шегіне жетті. ♦the national power grid – елдің электр желісі ♦a power failure – жарық өшіп/ үзіліп қалу ♦a power outage – жарық өшіп/ үзіліп қалу 5.қуат, күш, әл, шама, әсер, қауқар ♦The ship was helpless against the power of the storm. – Дауылға кеме қауқарсыз еді. ♦They were impressed by the power of her arguments. – Оларды оның дәлелдерінің дәлдігі таңдандырды. ♦Researchers are harnessing the power of computer modelling to find solutions to these challenges. – Зерттеушілер осы қиын мәселелерге шешім іздеп компьютер(лік) модельдеуді игеруде. ♦It was a performance of great power. – Өте әсерлі өнер көрсету/ орындау болды. 6.күш, шама ♦with ∼ He hit the ball with as much power as he could. – Ол допты бар күшімен тепті. ♦the sheer physical power of the man – кісінің қара күші 7.шама ♦in your ∼ I will do everything in my power to help you. – Саған көмектесу үшін шамам келгеннің бәрін істеймін. ♦within your ∼ It is not within my power to help you. – Саған жәрдемдесуге шамам келмейді. 8. (also ∼s) шама, қабілет, қасиет ♦Spiderman uses his powers to fight crime. – Спайдермән қылмыспен күресу үшін өз(інің) қасиеттерін пайдаланады. ♦∼ of smth He had lost the power of speech. – Ол сөйлей алмай қалған./ Ол сөйлеу қабілетін жоғалтқан. ♦The drug may affect your powers of concentration. – Дәрі(нің) ойды сейілтуі/ шашыратуы мүмкін. ♦He had to use all his powers of persuasion. – Көндіру/ Иландыру үшін ол барын салды. ♦At 26, he is at the height of his powers and ranked fourth in the world. – Жиырма алты жасында ол нағыз бабында және әлемде төртінші орында. 9.өкілеттілік, (заң бойынша берілген) хақ, право, билік ♦The powers of the police must be clearly defined. – Полицияның хақы/ іс-әрекеті нақтылануы тиіс. ♦The court can only exercise powers granted to it by statute. – Сот өзіне заң бойынша берілген хақ шеңберінде ғана әрекет етеді. ♦City rulers abused their power by using public funds for private purposes. – Қала әкімдері мемлекет қаржысын теріс, жеке бастарына жаратқан. ♦This sort of abuse of power is unacceptable. – Билікті бұлай теріс пайдалануға болмайды. ♦∼ to do smth The Secretary of State has the power to approve the proposals. – Мемлекеттік хатшы ұсыныстарды құптауға өкілетті. ♦∼ of smth The president has the power of veto over all new legislation. – Президенттің жаңа заңнаманың бәрін ветолауға хақы бар. ♦Police in riot gear used their powers under the Public Order Act to move on 300 protesters. – Арнайы киім киген полиция 300 наразыны/ протестшіні қозғау үшін Қоғамдық тәртіп заңына сүйенді. 10.держава, қуатты/ алпауыт ел ♦He transformed a backward country into a world power. – Ол мешеу елді әлемдік державаға айналдырды. ♦major European powers such as France and Germany – Франция мен Германия сияқты Европаның алпауыт елдері ♦China is growing as an economic power. – Қытай экономикалық алпауыт болып дамуда. ♦The influence of the former colonial power is still very much in evidence. – Бұрынғы отаршыл алпауыт елдің ықпалы әлі де жалғасуда. 11.қуат, күш, ықпал ♦These companies have enormous economic power. – Бұл компанияларда орасан зор экономикалық қуат бар. ♦the exercise of military power – әскери күшін қолдану ♦air/sea power – әуе/ теңіз күші, әскери әуе/ теңіз күші қуатты ел ♦The purchasing power of today's youth is higher than ever. – Қазіргі жастардың сатып алу шамасы бұрын болмаған деңгейде./ Қазіргі жастар бұрынғы кездегідей емес, көп нәрсе сатып ала алады. ♦Several years ago, computer processing power was considerably less than it is now. – Бірнеше жыл бұрын компьютердің жұмыс шамасы қазіргіден біршама аз еді. ♦The country's dominance was assured by its technological and military power. – Өзінің технологиялық және әскери қуатының арқасында ел үстем/ озат болып отыр. 12.ақпал, қуат, шама ♦Hollywood star power – Голливуд жұлдызының қуаты ♦Parent power has helped save the school from closure. – Ата-аналардың арқасында мектеп жабылмады. ♦∼ of smth the power of the media – медиа/ БАҚ қуаты ♦Values are distorted by the power of advertising. – Жарнама заттың нағыз сапасын бұрмалайды/ бұрмалап көрсетеді. 13. (математикада) дәреже ♦to the ∼ of smth 43 (4 to the power of 3) is 64 (= 4 × 4 × 4 = 64). 14.линзаның үлкейтіп көрсету шамасы/ күші ♦the power of a microscope/telescope – микроскоп/ телескоп шамасы 15. (жақсы я зұлым) күш, рух ♦the powers of darkness – зұлым күштер ♦She believed in the existence of a benevolent power. – Ол бір рахымды күш/ рух бар деп сенді. ♦belief in a higher power – керемет күшке (құдайға) сену 16. (idm) *the corridors of power [қ-з: corridor (3)] *do smb a power of good (old-fashioned, informal) денсаулыққа, көңіл-күйге өте жақсы болу ♦A break would do us all a power of good. – Үзіліс бәрімізге пайдалы болмақ. *more power to smb’s elbow (BrE, old-fashioned, informal) біреуді қолдау, дем беру, жақтау *the (real) power behind the throne «тақ артындағы нағыз күш», іс жүзінде билікке ие адам ♦The president’s wife was suspected of being the real power behind the throne. – Билік іс жүзінде президенттің әйелінің қолында дейді. *the powers that be (often ironic) биліктегілер, басқаратын адамдар ♦The powers that be are still trying to decide what should be done. – Биліктегілер не істеу керек екенін әлі шешуде. *sweep (smb) to power қарсыластарын жайпап билікке келу, сайлауда өте көп дауыс алып жеңу B.v 1.энергия/ қуат беру/ қамтамасыз ету ♦be ∼ed (by smth) The aircraft is powered by a jet engine. – Самолетке реактивті двигатель қуат береді. The mill’s machinery is powered by waterwheels. – Тиірмен жабдықтарын су айналдырады. ♦∼ smth The plant generates enough energy to power a town of 6 000 people. – Электр станциясы алты мың адамдық кентке жететін энергия өндіреді. 2.бар пәрменімен/ күшімен қозғалу ♦He powered through the water. – Ол судан құйғыта өтті. ♦∼ smth She powered her way into the lead. – Ол әупірімдеп алға шықты. ♦He powered his header past the goalie. – Ол баспен ұрып гол салды. 3. (phr v) *power down | power smth down (also power off, power smth off) (компьютерді, тб) өшіру (opp: power smth up, power smth up) ♦We were told to power down at 9.45. – Бізге сағат 9.45-те жабықтарды өшіріңдер деді. ♦Log off or power down your system. – Жүйеңнен шық не (мүлдем) өшір. ♦Do not power off or reboot in the middle of the update. – Жүктеп жатқан кезде өшірме не қайта қоспа. ♦Power off your PC. – компьютеріңді өшір. *power off = power down *power smth on | power on (also power smth up, power up) (opp: power down) (жабдықты, тб токқа) қосу; (жабдық ж) істей бастау ♦Back at the hotel, I powered up my laptop. – Қонақ үйде ноутбугімді қостым. ♦The system wouldn't power on. – Жүйе қосылмай/ істемей жатыр. *power up = power on