powerful [ˈpaʊəfl] adj 1.қуатты, ықпалды (syn: influential) ♦an incredibly powerful organization – аса/ өте ықпалды ұйым ♦extremely/immensely/ enormously powerful – өте/ соншама ықпалды/ қуатты ♦The US remains the most powerful nation in the world. – АҚШ әлемдегі ең қуатты ел болып қалуда. ♦She is still a powerful figure in the party. – Ол әлі де партиядағы ықпалды тұлға. ♦a rich and powerful man – бай да ықпалды адам ♦Fortunately we have some powerful allies. – Бір жақсысы, біраз ықпалды жақтастарымыз/ одақтастарымыз бар. ♦Over time these groups have grown more powerful. – Уақыт өте бұл топтардың ықпалы арта түсті. ♦Europe has become increasingly powerful on the world stage. – Европа әлемдік сахнада ықпалды бола түсуде. 2.қуатты, күшті; тегеурінді, тебірентетін, әсерлі ♦a powerful engine – күшті мотор/ двигатель ♦a powerful voice – тегеурінді/ тебірентетін дауыс ♦a powerful telescope – қуатты телескоп ♦A huge and powerful storm is on track to hit Florida. – Флоридаға зор әрі күшті дауыл жылжып келеді. ♦I traded my computer in for a more powerful model. – Көне компьютерімді қуатты біреуіне айырбастап сатып алдым. ♦Capitalism is an immensely powerful force in modern society. – Капитализм қазіргі заманғы қоғамдағы орасан/ соншама қуатты күш. ♦Gene technology is a very powerful tool. – Ген(дік) технология – өте қуатты құрал. ♦Humour can be a powerful weapon. – Әзіл қуатты қару бола алады. 3.қуатты, тегеурінді, әсерлі, күшті ♦a powerful image/symbol/speech – тегеурінді тұлға/ әсерлі белгі/ тегеурінді сөз ♦Nicotine is a powerful drug. – Никотин – күшті есірткі. ♦Fear is a powerful emotion. – Үрей – күшті эмоция. ♦Her background has had a powerful influence on her film-making. – Шыққан тегі/ ортасы оның кинорежиссурасына өте әсер етті. ♦A successful prosecution would send a powerful message. – Дәлелді сот көптің айылын жиғызады. 4.күшті, мығым, қуатты (syn: muscular) ♦a powerful body – күшті дене ♦a powerful athlete – күшті атлет