practicable [ˈpræktɪkəbl] adj (formal) орындауға/ жүзеге асыруға болатын, іске асатын, қисынды, жарамды, жөнді, ақылға қонымды (syn: feasible, workable) ♦at the earliest practicable opportunity – оңтайлы сәт туған бойда/ бетте/ уақытта, оңтайлы сәт туа/ бола сала ♦You should report any such incident to your manager as soon as (is) practicable. – Бұндай оқиға жайлы басқарушыға бірден хабарлау керек. ♦The only practicable alternative is to postpone the meeting. – Ең дұрысы – жиналысты шегеру/ кейінге қалдыру. ♦Employers should provide a safe working environment, as far as is reasonably practicable. – Жұмыс берушілер жұмыскерлерге барынша қауіпсіз жұмыс орнын жаратуы/ беруі керек. ♦Working at night wasn’t a practicable proposition. – Түнде істеген/ жұмыс істеу дұрыс ұсыныс болмады.