practical [ˈpræktɪkl] A.adj 1.практикалық, нақты жұмыс жағдайындағы, іс жүзіндегі to have gained practical experience of the work – жұмыста практикалық тәжірибе/ іс тәжірибесін жинау He offered her some practical advice. – Ол оған нақты кеңес айтты. What are the practical implications of the proposal? – Ұсыныстың нақты салдары қандай? There are some obvious practical applications of the research. – Зерттеуді біршама практика жүзінде қолданса болады. In practical terms, it means spending less. – Дәлірек айтқанда, бұл - аз жұмсау деген сөз. From a practical point of view, it isn't a good place to live. – Іс жүзінде, бұл жер - тұруға жайсыз. Yoga helps with practical matters such as injury prevention. – Йоганың жарақатты болдырмау сияқты күнделікті мәселелерде көмегі тиеді. Of how much practical use was the conference? – Конференцияның қанша(лықты) нақты пайдасы бар? Try to find a course which will allow you to develop the practical skills employers want. – Жұмыс берушілер талап ететін шеберліктеріңді арттыратын курс табуға тырыс. The fog could present some practical difficulties. – Тұман кейбір қиындықтар туғызуы мүмкін. 2.дұрыс, жөнді, орынды; іске асатын; нақты (synworkable) (oppimpractical) to do smth I soon realized that it would have been more practical to walk. – Біраздан кейін жаяу жүргеннің дұрысырақ екенін ұқтым./ жаяу жүргенде дұрысырақ болатынын ұқтым. for smb (to do smth) It wouldn't be practical for us to go all that way just for the weekend.Апта соңын өткізу үшін ғана сол жерге соншама жер жүріп барғанымыз дұрыс болмас еді. ♦It was difficult to find a practical solution to the problem. – Мәселеге нақты шешім табу қиын болды. The government is taking practical steps to deal with this issue. – Үкімет мәселемен айналысу үшін нақты қадамдар жасауда. Travel by boat was often faster and more practical than travel along the primitive roads. – Қайықпен жүрген жағадағы нашар жолдармен жүргеннен әлдеқайда тез әрі дұрыс. 3.пайдалы; ыңғайлы, икемді (oppimpractical) a practical little car, ideal for the city – қала ішінде өте ыңғайлы шағын машина Cool, loose-fitting clothes are practical in a hot climate. – Жайлы да кең киім ыстық жерлерде ыңғайлы. for (doing) smth a briefcase that is practical for both traveling and days at the office – ары-бері жүргенге де, офиске де ыңғайлы кейс/ портфель a feature that makes the system more practical – жүйені ыңғайлы ететін/ ете түсетін жүйе 4.зерек, ұғымтал, жөнді білетін, оң-терісті білетін, дұрыс Let's be practical and work out the cost first. – Алдымен нақты іске көшіп, шығындарды есептеп алайық. She always adopted a severely practical tone. – Ол қашан да салқын да сыпайы сөйлесетін. about smth Sarah is quite practical about love and relationships. – Сара махаббат пен өзара қатынасқа келгенде оң-солды жақсы ұғады. (oppimpractical) 5.шаруаға епті, істің қырын білетін, қолынан іс келетін (synhandy) Bob's very practical. He does all the odd jobs around the house. – Боб – шаруаға епті. Үйдегі тірліктің бәрін сол істейді. 6.толықтай дерлік, мүлде (syn: virtual) She married a practical stranger. – Ол мүлде бөтен біреуге тұрмысқа шықты. They’re a practical certainty to win the game. – Олардың ойынды ұтатыны айдын анық. 7. (idm) *for (all) practical purposes іс жүзінде There's still another ten minutes of the game to go, but for practical purposes it's already over. – Ойынның әлі он минуты бар, бірақ іс жүзінде ойын бітті деуге болады. B.n (BrE, informal) (оқу кезіндегі) практика, іс практикасы (эксперименттер тб) a biology practical – биологиядан практика The second part of the exam is a three-hour practical. – Емтиханның екінші жартысы – үш сағаттық практика. I passed the written exam but failed the practical. – Жазбаша емтиханнан өткеніммен, практикадан құладым. The course involves lectures, demonstrations and practicals. – Курста лекциялар, нақты мысалдар және практика бар.