practicality [ˌpræktɪˈkæləti] n 1.іске асатындық, іске жарамдылық, қисындылық, жөнділік; ыңғайлылық, қолайлылық (syn: feasibility) ♦I have doubts about the practicality of their proposal. – Олардың ұсынысы іске асады/ аса қояды деп ойламаймын. ♦Victorian engineers combined practicality with beauty. – Виктория заманының инженерлері ыңғай(лылық) мен әдеміні (әдемілікті) үйлестірген. 2.зеректік, ұғымталдық ♦I was impressed by her practicality. – Оның ұғымталдығына іштей қызықтым. 3. -ties нақтылық, дәлдік ♦It sounds like a good idea; let's look at the practicalities and work out the costs. – Ой/ Идея дұрыс сияқты; нақты таразылап, шығындарды есептейік.