practice [ˈpræktɪs] A.n 1.жаттығу, шынығу; айналысу, істеу, шұғылдану, дағдылану, машықтану ♦conversation practice – сөйлеп жаттығу ♦It takes a lot of practice to play the violin well. – Скрипкада жақсы ойнау үшін көп жаттығу керек. ♦There's a basketball practice every Friday evening. – Әр жұма күні кешке баскетболдан жаттығу болады. ♦She does an hour's piano practice every day. – Ол күн сайын пианинода бір сағат жаттығады. ♦with ∼ With practice you will become more skilled. – Жаттыға/ Істей/ Айналыса келе шеберлігің артады. ♦∼ in doing smth I've had a lot of practice in saying ‘no’ recently! – Кейінгі кездері «жоқ» деп айтуға көп жаттықтым! ♦It takes years of practice to get it right. – Дұрыс істеу үшін жылдар бойы шұғылдану керек. ♦We had an extra practice session on Friday. – Жұма күні қосымша практика/ жаттығу сабағымыз болды. 2.іс, іс-әрекет, іс-қимыл, практика ♦the theory and practice of teaching – оқыту теориясы мен практикасы ♦She's determined to put her new ideas into practice. – Ол өз ойларын/ идеяларын практика/ іс жүзінде қолданып көрмек. ♦in ∼ the complications that arise in actual practice – нақты іс/ практика барысында туындайтын қиындықтар 3.дағды, әдет, машық, практика, дәстүр, мәселе, іс ♦Wearing gloves should be standard practice when handling pesticides. – Пестицидтермен жұмыс істегенде/ айналысқанда үнемі қолғап кию керек. ♦These methods remain current practice. – Бұл методтар/ әдістер қазіргі кезде қолданыста/ практикада. ♦It is a common practice to include recommendations for further action in the report. – Баяндамаға/ Есепке тиісті қадамдар жасау үшін ұсыныстар енгізу – орныққан практика/ нәрсе. ♦Everyone knows it is good business practice to listen to your customers. – Клиенттерді тыңдау(дың) жақсы бизнес практика екенін әркім біледі. ♦childcare policy and practice – балаларды күтіп-бағу ісі ♦a review of pay and working practices – жалақы төлеу мен жұмыс істеу мәселесін қайта қарау ♦Religious practices differ from group to group. – Діни рәсімдер/ салт-дәстүрлер топтан топқа өзгеріп отырады. ♦I am constantly adopting new practices on my farm. – Фермамда ылғи (да) жаңа тәсіл(дер) қолданамын. ♦The goverment has changed its accounting practices. – Үкімет өзінің есептеу/ бухгалтерлік практикасын/ салтын өзгертті. ♦∼ of doing smth We will follow the practice of going in alphabetical order. – Алфавит реті бойынша іс жүргізу практикасын/ дәстүрін жалғастырамыз. ♦The company has ended its practice of pumping raw sewage out to sea. – Компания күл-қоқысын теңізге тастау әдетін доғарды. ♦American social practices – американ қоғамы дәстүрлері ♦Certain practices exist in both public and private schools. – Қоғамдық және жеке мектептердің екеуінде де кейбір дәстүрлер бар. ♦Established practices are difficult to modify. – Орныққан дағдыны/ әдетті/ дәстүрді өзгерту қиын. ♦It is standard practice not to pay bills until the end of the month. – Коммуналдық төлемдерді ай соңына дейін төлемей жүріп алу әдетке айналған. ♦The bank has continued its practice of charging late fees. – Банк кеш төлемдерге айыппұл/ штраф салу практикасын жалғастыруда. ♦This is now common practice among ethnographers. – Бұл - этнографтардың арасында орныққан әдет. ♦changes in employment practices – жұмысқа алу мәселесіндегі өзгерістер ♦environmentally sound practices – экологияға/ айналаға зиянсыз істер ♦the company's general practice of selling through agents – компанияның агенттер арқылы сататын кең тараған практикасы ♦the decisions that govern our practice and our conduct – іс-әрекетімізге бағыт-бағдар болатын шешімдер ♦questionable accounting practices regarding the sale of hardware – керек-жарақты сатқандағы күмәнді бухгалтерия ♦shady business practices – күмәнді істер/ шаруалар ♦Rumours of sharp practice or dishonest dealing will ruin his career. – Оның жымысқылығы не күмәнді істері туралы өсек-аяң оның мансабын/ карьерасын құртады. ♦We use this information to inform clinical practice. – Бұл информацияны емдеу бөліміне жеткіземіз. ♦safe medical practices for children – балаларды қауіпсіз емдеу 4.дағды, практика, әдеткі іс ♦∼ of doing smth the German practice of giving workers a say in how their company is run – компанияның қалай істеу керектігін жұмысшылар айқындайтын неміс практикасы ♦it is smb's ∼ to do smth It is his practice to read several books a week. – Оның апта сайын бірнеше кітап оқитын әдеті бар. 5.практика, іс ♦the practice of medicine – емдеу ісі/ медицинамен айналысу/ шұғылдану ♦clinical/medical practice – емдеу ісі ♦Students should have prior experience of veterinary practice. – Студенттердің ветеринариядан тәжірибесі болуы керек. ♦in ∼ My solicitor is no longer in practice. – Адвокатым жұмысын қойған. ♦a successful medical/dental/law practice – табысты емдеу/ тіс емдеу/ заңгерлік ісі 6. (idm) *be/get out of practice істен шеттеп қалу, (уақытша) айналыспау, шұғылданбау, ебін/ шеберлігін жоғалту, мұқалу ♦Don't ask me to speak French! I'm out of practice. – Менен французша сөйле деп сұрама! Көп болды сөйлемегелі. ♦If you don't play regularly you soon get out of practice. – Ылғи ойнамасаң/ ойнап тұрмасаң, дағдыңды/ ебіңді жоғалтасың. *in practice іс жүзінде, шынында ♦Prisoners have legal rights, but in practice these rights are not always respected. – Тұтқындардың заңды хақтары/ праволары бар, бірақ бұл хақтарды ылғи ескермейді/ ескере бермейді. ♦The idea sounds fine in theory, but would it work in practice? – Ой/ Идея дұрыс көрінгенмен, іс жүзінде қалай болмақ? *practice makes perfect (saying) дағды шеберлікті шыңдайды B.v (US) (BrE practise) 1. (ылғи) іспен айналысу/ шұғылдану; жаттығу, машықтану, дағдылану ♦to practice the piano every day – пианиномен күн сайын жаттығу ♦The team is practicing for their big game on Friday. – Команда жұма күнгі ірі ойнына жаттығуда. ♦They practiced the dance until it was perfect. – Олар биін шыңдағанша жаттықты. 2.дәрігер, заңгер, тб болып істеу ♦She's practicing medicine in Philadelphia. – Ол Филаделфияда дәрігер (болып істейді). 3. ∼ smth (formal) жүріп-тұру, айналысу, тб ♦to practice self-restraint – өзін сыпайы ұстау ♦Do you still practice your religion? – Дінің(із)ді әлі ұстанасың(ыз) ба?