praise [preɪz] A.n 1. (also less frequent ∼s) мақтау(шылық), мадақтау, дәріптеу; оң бағалау ♦The team coach singled out two players for special praise. – Команда бапкері екі ойыншыны ерекше мақтады. ♦∼ for smth His teachers are full of praise for the progress he's making. – Оны мұғалімдері оқуы/ үлгерімі жақсарды деп мақтауда. ♦∼ from smb His latest movie has won high praise from the critics. – Сыншылар оның кейінгі фильмін мақтады./ фильміне жоғары баға берді. ♦∼ for smth from smb He received widespread praise for his performance from fans on social media. – Әлеуметтік желіде оны жанкүйерлері/ тілеулестері жақсы ойнағаны/ орындағаны үшін көп мақтады. ♦Critics heaped/lavished/ showered praise on her latest movie. – Сыншылар оның кейінгі фильмін соншама мақтады./ өте жоғары бағалады ♦to deserve/earn/garner praise – мақтауға лайық(ты) болу/ ие болу ♦We have nothing but praise for the way they handled the investigation. – Оның тергеуді қалай жүргізгеніне мақтау айтқаннан басқа ештеңеміз жоқ. ♦in ∼ of smb/smth She wrote poems in praise of freedom. – Ол бостандықты дәріптей өлеңдер жазды. ♦She left with their praises ringing in her ears. – Ол олардан мақтау естіп кетті. ♦They always sing his praises. – Олар оны мақтайды да жүреді. 2.құдайға мадақ, құдайды мадақтау ♦hymns/songs of praise – (құдайға) мадақ гимндері/ әндері ♦∼ to smb joyous singing and praise to God – құдай туралы шаттана өлең айтып, мадақтау ♦Praise be (to God)! – Мақтауымыз/ Мадағымыз құдайға! 3. (idm) *damn smb/smth with faint praise (мақтаған болып) ернінің ұшын жыбырлату B.v 1.мақтау, оң бағалау (syn: compliment) ♦∼ smb/smth She praised his cooking. – Ол оның тамақ пісірісін мақтады. ♦a highly praised film – жоғары бағаланған фильм ♦∼ smb/smth for smth He praised his team for their performance. – Ол (өз) командасын жақсы ойыны үшін мақтады. ♦∼ smb/smth for doing smth They were praised by police for reporting the theft. – Полиция оларды ұрлық туралы хабар бергені үшін мақтады. ♦∼ smb/smth as smth Critics praised the work as highly original. – Сыншылар туындыны өте ерекше деп мақтады. 2.құдайға мадақ айту, құдайды мадақтау/ мақтау/ дәріптеу ♦Praise the Lord. – Мадақ құдайға. ♦Allah be praised. – Субхан Алла. 3. (idm) *praise smb/smth to the skies жер-көкке сыйғызбай мақтау, асыра мақтау ♦Her manager praised her to the skies. – Басқарушысы оны жер-көкке сыйғызбай мақтады.