precise [prɪˈsaɪs] adj 1.нақты, нақ, дәл (syn: exact) ♦precise details/instructions/ measurements – нақты мәлімет/ нұсқаулар/ өлшемдер ♦Can you give a more precise definition of the word? – Сөздің нақты мағынасын бере аласың(ыз) ба? ♦I can be reasonably precise about the time of the incident. – Оқиғаның қашан болғанын нақты айта аламын десем болады. ♦We were just talking about her when, at that precise moment, she walked in. – Соны әңгімелеп тұрған мезетте өзі кіріп келді/ кіріп келгені бар емес пе. ♦Doctors found it hard to establish the precise nature of her illness. – Дәрігерлер оның ауруының нақты себебін анықтай алмады/ ауруына нақты диагноз қоя алмады. 2.мұқият, тиянақты, дәл, тыңғылықты, ұқыпты, құнтты, ықтиятты; қазымыр (syn: meticulous) ♦a skilled and precise worker – шебер де ұқыпты жұмыскер ♦small, precise movements – шағын, мұқият қозғалыстар ♦We've tried to make the process as precise as possible. – Процесті барынша тиянақты етуге тырыстық. ♦(disapproving) She's rather prim and precise. – Ол сақ әрі мұқият. 3. (idm) *to be (more) precise дәлірек/ нақтырақ айтқанда ♦The shelf is about a metre long - well, 98cm, to be precise. – Сөре шамамен бір метрдей ұзын, дәлірек айтсақ – 98 см.