preference [ˈprefrəns] n 1. [қ-з: prefer (1)] ♦It's a matter of personal preference. – Бұны әркімнің өз/ жеке қалауы біледі. ♦I can't say that I have any particular preference. – Пәлендей бір қалауым бар деп айта алмаймын. ♦∼ for smb/smth Many people expressed a strong preference for the original plan. – Жұрттың көбі бастапқы жоспарды белсене жақтады. ♦Let's make a list of possible speakers, in order of preference. – Беделіне қарай, сөйлеушілер тізімін жасалық. ♦a study of consumer preferences – клиенттердің/ тұтынушылардың қалауын зерттеу 2. (idm) *give (a) preference to smb/smth (біреуге/ бірн-ге) артықшылық жасау, көбірек бүйрегі бұру ♦Preference will be given to graduates of this university. – Осы университетті бітіргендерге артықшылық жасалады. *in preference to smb/smth (біреуден/ бірн-ден) гөрі, қарағанда ♦She was chosen in preference to her sister. – Әпкесінен/ Сіңлісінен гөрі соны таңдапты. ♦They bought French planes in preference to British ones. – Олар британиялық емес, француз самолеттерін таңдапты.