pregnant [ˈpreɡnənt] adj 1. ауыр аяқ, екіқабат, жүкті; буаз ♦My wife is pregnant. – Әйелім – ауыр аяқ/ жүкті. ♦∼ with… I was pregnant with our third child at the time. – Ол кезде үшінші баламызға жүкті едім. ♦a heavily pregnant woman – босануға жақын әйел ♦to get/become/fall pregnant – жүкті болып қалу/ көтеріп қою ♦He got his girlfriend pregnant and they're getting married. – Оның ғашық қызы көтеріп қойып, енді олар үйленейін деп жатыр. ♦She's six months pregnant. – Ол алты ай жүкті. ♦(ауысп мағ) Her silences were pregnant with criticism. – Ол риза болмаса үндемей қоятын. 2. (idm) *a pregnant pause/silence үндемей қалу, ауыр үнсіздік ♦There was a pregnant pause before she replied. – Біраздан кейін барып ол жауап берді.