prejudice [ˈpredʒədɪs] A.n 1.жөнсіз/ теріс/ қате/ жаңсақ/ сыңаржақ/ қиғаш ұғым/ түсінік (бір адам я дін, я әдетті, тб жөнсіз артық не теріс көру) ♦a victim of racial prejudice – нәсілшілдік жаңсақ ұғымнан жәбір көруші ♦Their decision was based on ignorance and prejudice. – Олар білместік пен жаңсақ ұғымды негізге ала отырып шешім шығарды. ♦∼ against smb/smth There is little prejudice against workers from other EU states. – Бұнда Евроодақтың басқа елдерінен келген жұмыскерлер жөнінде аздаған жаңсақ пікір бар. ♦∼ in favour of smb/smth I must admit to a prejudice in favour of British universities. – Британия университеттері жақсы деген жөнсіз болса да ұғымымның бар екенін мойындауым керек. 2. (idm) *without prejudice (to smth) (law) хақтары/ праволары мен привилегияларын жоғалтпастан не олардан бас тартпастан; басқа нәрсеге нұқсан келтірместен не оған әсер етпестен, хақына/ правосына ешбір нұқсансыз ♦They agreed to pay compensation without prejudice. – Олар кінәні мойындамастан компенсация/ өтемақы төлеуге келісті. ♦He was able to turn down the promotion without prejudice, and applied again several years later. – Ол қызметінде жоғарылаудан ешбір нұқсансыз бас тартып, бірнеше жылдан кейін қайта өтініш бере алды. B.v 1. ∼ smb (against smb/smth) (біреудің) пейілін/ пікірін/ райын өзгертуге/ бұруға тырысу (syn: bias) ♦The prosecution lawyers have been trying to prejudice the jury against her. – Айыптаушы адвокаттар алқабилердің (присяжныйлардың) райын оған (әйелге) қарсы бұруға тырысуда. ♦Poor handwriting might prejudice people against the applicant. – Жазуы/ Каллиграфиясы нашар болса, өтініш беруші нашар екен деп пікір орнауы мүмкін. 2. ∼ smth (formal) зиян/ нұқсан келтіру, кесірі тию ♦Any delay will prejudice the child's welfare. – Кез-келген кешігу баланың күйіне кесірін тигізуі мүмкін.