presentation [ˌpreznˈteɪʃn] n 1.презентация, (жиналыста жаңа өнімді, идеяны, жұмысты, тб) таныстыру(шылық), таныстырылым on/about smb/smth The sales manager will give a presentation on the new products. – Сауда менеджері жаңа өнімдерді таныстыратын болады/ жаңа өнімдердің презентациясын жасайтын болады. Several speakers will be making short presentations. – Бірнеше сөйлеуші қысқа презентация жасайтын болады. The conference will begin with a keynote presentation by a leading industry figure. – Конференцияны индустрияның белгілі өкілі негізгі баяндамамен бастайды. a slide/video/multimedia presentation – слайд/ видео/ мультимедиа презентация 2.көрсету; табыс ету, беру, табыстау The trial was adjourned following the presentation of new evidence to the court. – Сотқа жаңа айғақ көрсеткеннен кейін сот кейінге қалдырылды. The presentation of prizes began after the speeches. – Сөздерден кейін сыйлықтарды табыстау басталды. The Mayor will make the presentation herself. – Мэр өзі табыстайтын болады. on of smth Members will be admitted on presentation of a membership card. – Мүшелер мүшелік билеттерін көрсеткеннен кейін кіре алады. ♦a presentation copy – автордың өзі сыйлаған дана a presentation ceremony/evening – табыс ету рәсімі/ кеші 3.ұсына білу(шілік), сипаттай алу(шылық), тб Improving the product's presentation should increase sales. – Өнімді дұрыстап сипаттаса, сауда артуы тиіс. I admire the clear, logical presentation of her arguments. – Оның өз дәлелдерін анық та қисынды келтіруін/ айтуын ұнатамын. The main emphasis of the training will be on presentation skills. – Жаттығудың өзегі – ұсына білу шеберлігі. 4.презентация (компьютер арқылы көрсетуге әзірлеген слайдтар, суреттер, тб) I've put my presentation on a memory stick. – Презентациямды фләш-кардқа енгіздім. 5. (сыйлық, жүлде) тапсыру/ табыстау/ табыс ету рәсімі the school's annual presentation evening – жыл сайынғы мектептегі табыстау рәсімі 6.пьеса, тб қою 7. (medical) босанар алдындағы сәбидің жатырдағы қалпы/ орналасуы