president [ˈprezɪdənt] n 1. (also P∼) президент (республика басшысы) ♦President is due to visit the country next month. – Президент (осы) елге келесі айда сапармен барады. ♦France elected a new president in 2017. – Францияда жаңа президент 2017 жылы сайланды. ♦She should run for president. – Ол президент сайлауына қатысуы керек. ♦as ∼ He was sworn in as President on August 31. – Ол президент қызметіне тамыздың 31-інде кірісті./ Ол президент ретінде тамыздың 31-інде ант етті. 2. (also P∼) президент (ұйым, колледж, тб басшысы) ♦to be made president of the students’ union – студент одағының президенті болып сайлану 3.президент (банк, сауда ұйымы, тб басшысы)