press [pres] A.n 1. (often the P∼) баспасөз, пресса (газеттер мен журналдар) ♦the local/national/ foreign press – жергілікті/ елдік (ұлттық)/ шетелдік баспасөз ♦the popular/tabloid press – көпшілік/ таблоид пресса ♦the music/sporting press – музыка/ спорт баспасөзі/ газет-журналдары ♦The mainstream press is ignoring this story. – Ірі/ Негізгі газет-журналдар бұл оқиғаға көңіл бөлмеуде. ♦in the ∼ The case has been widely reported in the press. – Бұл іс баспасөзде кеңінен айтылды. ♦the freedom of the Press/press freedom – баспасөз бостандығы ♦The event is bound to attract wide press coverage. – Бұл оқиға жайлы баспасөз кең(інен) жазатын болады. ♦a White House press briefing – Ақ үй пресс-брифингі 2. the ∼, the P∼ баспасөз, пресса (тілшілер, фототілшілер, журналистер) ♦The Press was/were not allowed to attend the trial. – Сотқа кіруге баспасөзге рұхсат етпеді. ♦She has been harassed by the press, who desperately need a story. – Оны жанұшыра әңгіме қуған баспасөз өкшеледі. ♦He told the press that there had been ‘further progress’. – Ол баспасөзге «тағы ілгерілеу» болғанын айтты. ♦She told them not to talk to the press. – Ол оларға прессамен сөйлеспеңдер деді. 3.баспасөзде біреу/ бірн-е жайлы жазылғандар ♦The airline has had a bad press recently. – Кейінгі кездері бұл авиалиния жайлы нашар жазып жүр. ♦The demonstration got very little press. – Демонстрация жайлы аз ғана жазды. ♦His latest novel didn't get (a) very good press. – Оның кейінгі романын онша мақтап жазбады. 4. (газет-журнал, тб) басу станогы, баспа (жабдығы) ♦We were able to watch the books rolling off the presses. – Кітаптардың баспа станогынан шығып жатқанын көре алдық. ♦These prices are correct at the time of going to press. – Бұл баспаға берер кездегі бағалар. ♦a story that is hot off the press – газетке енді шыққан әңгіме 5.баспахана, баспа ♦Oxford University Press – Оксфорд университеті баспасы 6.басқыш, қысқыш, престегіш; сыққыш, мыжығыш ♦a trouser press – сым үтіктегіш ♦a garlic press – сарымсақ мыжығыш 7.басу ♦He gave the bell another press. – Қоңырауды тағы бір бастым. ♦Those shirts need a press. – Ол жейделерді үтіктеу керек. 8.құжынаған/ қаптаған/ иін тірескен халық/ нәрсе (syn: throng) ♦the press of bodies all moving the same way – бір бағытта қозғалып бара жатқан иін тірескен денелер ♦Among the press of cars he glimpsed a taxi. – Машина нөпірі арасынан көзі такси шалды. B.v 1.басу ♦∼ smth to press a button/key – түймені (кнопканы)/ кілтті басу ♦∼ smth He pressed the lid firmly shut. – Ол қақпақты мықтап басып жапты. ♦Press here to open. – Ашу үшін мына жерді бас. ♦She pressed down hard on the gas pedal. – Ол газ педалін қатты басты. 2.басу, қысу, итеру ♦∼ smth/smb/yourself against smth She pressed her face against the window. – Ол бетін терезеге сүйеді. ♦∼ smth to smth He pressed a handkerchief to his nose. – Ол мұрнын қол орамалмен басты. ♦∼ smth together She pressed her lips together. – Ол еріндерін жымқырды. ♦∼ smth Her lips softly pressed my cheek. – Еріндері бетіме жұмсақ басылды. ♦∼ against smth His body was pressing against hers. – Оның (жігіттің) денесі оның (қыздың) денесін басып бара жатты. ♦∼ (down) (on smth) She pressed down harder on the paper. – Ол қағазды қаттырақ басты. 3. ∼ smth into/onto smth басу, батыру, шұқу ♦He pressed a coin into her hand and moved on. – Ол монетаны оның қолына қысып ұстатты да кетіп қалды. ♦She pressed a finger into the dough. – Ол қамырға саусағын батырды. 4. ∼ smth (қолын, тб аялай) қысу ♦He gently pressed her arm, then left. – Ол оның қолын жұмсақ қысты да кетіп қалды. 5. (топ ж) итере/ кимелей қозғалу, лықсу ♦The photographers pressed around the royal visitors. – Фотографтар король үй-іші өкілдерін қаумалады. ♦(figurative) A host of unwelcome thoughts were pressing in on him. – Бір жайсыз ойлар оның санасын кимеледі. ♦The crowd pressed forward. – Топ алға қарай лықсыды. 6.көндіруге тырысу, қолқалау; қысым жасау (syn: push, urge) ♦∼ smb If pressed, he will admit that he knew about the affair. – Қолқаласа/ Қысым жасаса, істі білгені жайлы ол айтады. ♦∼ smb for smth The bank is pressing us for repayment of the loan. – Банк қарызды төле деп бізге қысым жасап жатыр. ♦∼ smb to do smth They are pressing us to make a quick decision. – Олар бізге тез шешіңдер деп жатыр. ♦∼ smb into (doing) smth Don't let yourself be pressed into doing something you don't like. – Көңілің қаламаған нәрсені істеуге өзіңді мәжбүрлемесін/ көндірмесін. ♦∼ smb on smth I did not press him further on the issue. – Бұл мәселеде оны артық қолқаламадым. ♦‘Are you sure?’ she pressed gently. – «Сенімдісің бе?», деді ол жұмсақ қолқамен. 7. ∼ smth нығарлай айту, қатты айту, қоймау ♦I don't want to press the point, but you do owe me $200. – Қатты айтқым келмейді, бірақ сен маған $200 қарызсың. ♦She is still pressing her claim for compensation. – Ол әлі өтемақы/ компенсация төлесін деп қоймауда. ♦They were determined to press their case at the highest level. – Олар жоғары жаққа айтамыз/ шағымданамыз деп отыр. 8.басу, таптау, тегістеу, жайпақтау, жайпақ етіп нығыздау ♦∼ smth pressed flowers – (кітап парақтары арасында кепкен) гүл гербарийі ♦∼ smth Press the soil flat with the back of a spade. – Күректің артқы жағымен топырақты жайпақ етіп нығызда. 9. ∼ smth үтіктеу (syn: iron) ♦My suit needs pressing. – Костюмімді үтіктеу керек. ♦his immaculately pressed suit – оның мінсіз үтіктелген костюмі 10. ∼ smth сығу, мыжу, сығып/ мыжып сөлін/ суын шығару 11.престеп жасау, қысып жасау ♦∼ smth to press a CD – CD-ді престеп жасау ♦∼ smth from/out of smth The car bodies are pressed out of sheets of metal. – Машина бөлшектерін металл қаңылтырларынан престеп жасайды. 12. (idm) *bring/press/lay/prefer charges against smb [қ-з: prefer (2)] *press all the (right) buttons (especially BrE) (also push all the (right) buttons) (informal) «барлық (дұрыс) кнопкаларды басу», не керек екенін біліп істеу, діттеген жерінен шығу, дөп түсу ♦The coach has pushed the right buttons with his players this season. – Бапкер осы маусымда ойыншыларының райын таба білді. ♦The successful politician is the one who presses just the right buttons. – Табысты саясаткер - жұртқа не керек екенін білетін адам. ♦This product hits all the right buttons with us. – Бұл товар/ өнім ойымыздан шықты. *press (the) flesh (informal) (әйгілі адам я саясаткер ж) (жұртпен) қол алысу, қол алысып амандасу *press smth home шабуылдап не пікір таластырып басымдыққа жетуге/ жеңуге тырысу ♦to press home an attack/an argument/a point – шабуылды үдету/ дәлелдерін/ пікірін нығарлай айту ♦Simon saw she was hesitating and pressed home his advantage. – Оның жүрексініп тұрғанын көріп Саймон жағдайды пайдаланып қалуға тырысты. *press smb/smth into service (біреуді/ бірн-ні) іске жұмылдыру/ салу ♦Every type of boat was pressed into service to rescue passengers from the sinking ferry. – Батып бара жатқан паромнан адамдарды құтқару үшін кез-келген қайықты салды/ қолданды. *press/push the panic button «дабыл қағу», шұғыл/ қауырт/ күрт әрекет ету, шалт қимылдау ♦The prime minister pressed the panic button yesterday as Britain’s economy plunged deeper into crisis. – Британияның экономикасы кризиске бата түскендіктен, кеше премьер-министр дабыл қақты. 13. (phr v) *press ahead/on (with smth) істі белсене істей түсу, бастырмалату; ұмтылу ♦The company is pressing ahead with its plans for a new warehouse. – Компания жаңа қойма салу жоспарын іске асырмақ болып ұмтылуда. ♦‘Shall we stay here for the night?’ ‘No, let's press on.’ – «Осында түнейік пе?» «Жоқ, жүрелік». *press for smth сұрап/ талап етіп қоймау (syn: demand, push for) ♦They continued to press for a change in the law. – Олар заңды өзгертуді талап етуін қоймады. *press smth on smb (тамақты, ішімдікті) тықпалау, бергіштеп қоймау ♦She kept pressing cake on us. – Ол бізге тортты тықпалап қоймады.