pressure [ˈpreʃə(r)] A.n 1.қысым, қыспақ, мәжбүрлеу, қолқалау ♦∼ for smth The pressure for change continued to mount. – Өзгерісті талап еткен қысым арта берді. ♦∼ on smb We are determined to keep up the pressure on the other member states. – Басқа мүше елдерді қолқалай түспек ниеттеміз. ♦∼ on smb to do smth There is intense pressure on her to resign. – Қызметінен кетіру үшін оны қыспаққа алуда/ оған қысым жасалып жатыр. ♦∼ to do smth In every society there is strong pressure to conform. – Әр қоғамда (белгілі бір дәстүрге, тб) мәжбүрлейтін күшті қысым болады. ♦Do you feel any pressure to dress in a certain way? – Пәлендей киін деген қысым жоқ па? ♦We must bring pressure to bear on our government to reverse this decision. – Осы шешімді тоқтату үшін үкіметке қысым жасауға тиіспіз. ♦∼ from smb/smth The company is facing increasing pressure from shareholders. – Компанияға акционерлер қысым жасап қоймауда. ♦The government eventually bowed to popular pressure. – Үкімет ақыры қысымға көнуге мәжбүр болды. 2. (also ∼s) қысым, қиындық, уайым, ауыртпалық ♦You need to be able to handle pressure in this job. – Жұмыстағы қиындықтарға үйренуің керек. ♦∼ of smth She was unable to attend because of the pressure of work. – Жұмысы көп болып, ол қатыса алмады. ♦How can anyone enjoy the pressures of city life? – Қала өмірінің қиындықтарынан кім рахат табады екен? ♦∼ on smb The economic pressures on small businesses are intense. – Шағын кәсіпорындар жұмыста қиналуда. 3.қысым; тегеурін; басу ♦The nurse applied pressure to his arm to stop the bleeding. – Медбике/ Медбауыр қанды тоқтату үшін оның қолын басты. ♦The barriers gave way under the pressure of the crowd. – Топтың қысымына/ тегеурініне кедергілер шыдай алмады/ шыдас бермеді. ♦Last year he had brain surgery to relieve pressure from a blood clot. – Былтыр ұйыған қаннан болған қысымды азайту үшін оның миына операция жасады. 4.қысым (ауаның, сұйықтықтың) ♦air/water pressure – ауа/су қысымы ♦Check the tyre pressure regularly. – Дөңгелектегі жел қысымын тексеріп жүр. ♦a pressure gauge – қысым өлшеу құралы 5. ∼ (on smth) әсер, қысым ♦This puts upward pressure on prices. – Бұл бағаларды жоғарылатады. ♦The high unemployment rate was exerting downward pressure on wage growth. – Жұмыссыздықтың көптігі жалақыны өсірмеуде/ тізгіндеуде. ♦They raised the starting threshold for income tax to ease the pressure on family budgets. – Олар семьялардың ақшадан қиналысын азайту үшін табыс салығы салынатын деңгейді жоғарылатты. 6.атмосфералық қысым, атмосфера қысымы ♦A band of high/low pressure is moving across the country. – Ел үстінен жоғары/ төменгі қысымдағы ауа/ атмосфера қозғалуда. 7. (idm) *put pressure on smb (to do smth) біреуге қысым жасау, біреуді мәжбүрлеу я қолқалау ♦Advertisements put pressure on girls to be thin. – Жарнамаларды көріп қыздар арық болуға тырысады. *under pressure a) қысымдағы, қысым астындағы ♦Draught beer is pumped out of the barrel under pressure. – Құйма (разливное) сыра кеспектен/ бөшкеден қысыммен шығады. b) мәжбер, қысым көрген, қыспаққа ал(ын)ған ♦The director is under increasing pressure to resign. – Қызметінен кетіру үшін директорды қыспаққа алуда/ директорға қысым жасауда. ♦Hospital staff are coming under pressure to work longer hours. – Емхана қызметкерлері ұзағырақ істеуге мәжбүр болуда. c) қиналған, қыспаққа алы(ын)ған ♦The team performs well under pressure. – Команда қинаалған кезде жақсы ойнайды. ♦He's felt under pressure since his wife had the operation. – Әйеліне операция жасалғалы бері ол қиналып жүр. B.v (esp NAmE) (BrE also pressurize) қысым жасау, қыспаққа алу, мәжбүрлеу, қолқалау, алқымдау ♦∼ smb No one has the right to pressure you. You can always say no. – Ешкімнің сені қыспаққа алатын хақы жоқ. Қашан да жоқ десең болады. ♦∼ smb into (doing) smth Don't let yourself be pressured into making a hasty decision. – Ешкім сені асығыс шешім жасауға мәжбүрлемесін. ♦∼ smb to do smth His father pressured him to accept a job in the bank. – Әкесі банкке жұмысқа тұруға мәжбүр етті.