presume [prɪˈzjuːm] v 1. пайымдау, (ойша) түю/ қорыту, топшылау, шамалау, долбарлау, тұспалдау, есептеу, болжау, санау (syn: assume) ♦They are very expensive, I presume? – Олар өте қымбат болар деп ойлаймын/ болар-ау. ¨‘Is he still abroad?’ ‘I presume so.’ – «Ол әлі шетелде ме?» «Солай шығар». ♦∼ (that)… I presumed (that) he understood the rules. – Ол ережелерді түсінетін болар/ түсінген шығар деп ойладым. ♦∼ smb/smth to be/have smth I presumed him to be her husband. – Оны оның күйеуі (екен) деп (ойлап) қалыптым. 2. [қ-з: presume (1)] ♦∼ smb/smth Twelve passengers are missing, presumed dead. – Жоғалған он екі жолаушыны өлген шығар дейді. ♦In English law, a person is presumed innocent until proved guilty. – Ағылшын заңында/ хұқығында кісінің кінәсі дәлелденбей(інше)/ дәлелденгенше (ол) кінәсіз болып саналады. ♦∼ smth We must presume innocence until we have proof of guilt. – Қылмысы дәлелденбей(інше) кінәсіз деп санауымыз керек. ♦∼ smb/smth to be/have smth We must presume them to be innocent until we have proof of guilt. - – Олардың қылмысы дәлелденбей(інше) кінәсіз деп санауымыз керек/ санауға тиіспіз. 3. ∼ smth (formal) (деп) ойлау, санау, есептеу, тұжыру, пайымдау, қорыту, тб ♦The Ancient History course presumes some knowledge of Greek. – Ежелгі тарих курсына (негізі) грек тілін білетіндер қатысады. 4. ∼ to do smth (formal) онша сыйламау/ құрметтемеу ♦I wouldn't presume to tell you how to run your own business. – Саған кәсібіңді/ ісіңді өйт-бүйт десем, сені сыйламаған болар едім. 5. (phr v) *presume on/upon smb/smth (formal) достығын теріс/ жөнсіз пайдалану (яғни, тым көп сұрағыштау, тб) ♦∼ on/upon smb/smth to do smth I felt it would be presuming on our personal relationship to keep asking her for help. – Одан көмек сұрай берген достығымызды жөнсіз пайдаланған сияқты болып көрінді.