prey [preɪ] A.n 1.жемтік, жем, қорек (басқа бір аңға жем болатын аң, хайуан) ♦The lion will often stalk its prey for hours. – Арыстан (өз) жемтігін сағаттап торуылдайды. ♦birds of prey – жыртқыш құстар ♦(ауысп мағ) Elderly people are easy prey for dishonest salesmen. – Қарттар сұмпайы саудагерлерге оңай жем болады. 2. (idm) *be/fall prey to smth (formal) a) (басқа бір аңға) жем/ жемтік болу ♦Many small birds and rodents fall prey to the domestic cat. – Көптеген кішкентай құстар мен кеміргіштер үй мысығына жем болады. b) (кісі ж) (біреуге) жем болу, жәбір көру; жапа шегу, азап тарту; алдану; қорлану ♦Since the attack, she had fallen prey to irrational fears. – Өзіне тиіскелі бері ол жөнсіз үрейленіп қиналатын болды. ♦She knew she must not fall prey to his charm. – Оның елбірегеніне жібімеуі тиіс екенін ол ұқты. ♦The new government has fallen prey to corruption and fraud. – Жемқорлық пен алаяқтық жаңа үкіметтің ақырына жетіп тынды. B.v 1. (idm) *prey on smb’s mind (ой, мәселе ж) ойынан шықпау/ шықпай қою ♦The thought that he could have helped more preyed on his mind. – Көбірек жәрдемдессем болар еді ғой деген ой санасынан шықпай қойды. ♦It's been preying on my mind ever since it happened. – Содан бері бұл мазамды алып, қоймады. 2. (phr v) *prey on/upon smb/smth (жыртқыш аң-құс ж) (басқа аң-құсты) аулау, түсу ♦Hawks prey on rodents and small birds. – Қаршығалар кеміргіштер мен кішкентай құстарды аулайды. ♦(ауысп мағ) Bogus social workers have been preying on old people living alone. – Жалған әлеуметтік қызметкерлер жалғыз тұратын қарттарды алдап жүр.