price [praɪs] A.n 1.баға, құн, нарық ♦Boat for sale, price £8 000. – Қайық сатылады, бағасы £8 000. ♦house/oil/share prices – үй/ мұнай/ акция бағалары ♦rising/falling prices – көтеріліп келе жатқан/ құлдыраған бағалар ♦to increase/lower/reduce prices – бағаларды өсіру/ азайту ♦We will have to raise ticket prices. – Билет бағаларын арттыруымыз керек. ♦The company has announced that it is cutting prices. – Компания бағаларды кесетінін хабарлады. ♦In the past year, house prices have fallen. – Өткен жылы үй-жай бағалары түсті/ құлады. ♦The price of crude oil has risen over the last few months. – Мұнай бағасы өткен бірнеше айда өсті. ♦∼ for smth to charge a high/reasonable/low price for something – бірнәрсе үшін жоғары/ дұрыс/ аз ақы алу ♦to pay/charge a price for something – бірнәрсе үшін төлеу/ ақы алу ♦He managed to get a good price for the car. – Ол машинаны жақсы бағаға сата алды. ♦Retail prices for food at the supermarket rose just under two per cent in the first quarter. – Супермаркеттердегі азық-түлік бөлшек сауда құны бірінші тоқсанда екі процентке жуық өсті. ♦Can you give me a price for the work? – Жұмыс құны қанша болады екен? ♦Children over five must pay (the) full price for the ticket. – Бес жастан асқан балалар билет құнын толық төлеулері тиіс. ♦I'm only buying it if it's the right price. – Бағасы дұрыс болса ғана бұны аламын. ♦How much are these? They don't have a price on them. – Бұлар қанша екен? Үстіне құны жазылмапты. ♦in ∼ Most new technology comes down in price with time. – Уақыт өте жаңа технологиялардың көбі/ көпшілігі арзандайды. ♦a rise/an increase/a fall/a drop in price – бағаның өсуі/ артуы/ құлауы/ түсуі ♦at a ∼ They sell quality art supplies at discount prices. – Олар сапалы өнер туындыларын арзан бағаға сатады. ♦for a ∼ I don't think you'll be able to sell it for that price. – Бұны жаңағы/ әлгі бағаға сата аласың деп ойламаймын. ♦price rises/increases/hikes/cuts – бағаның өсуі/ артуы/ шарықтауы/ азаюы 2. (ауыспалы мағынада: бірнәрсе үшін төленетін) «құн», «баға», (шегетін) жапа, (көретін) жәбір, қиындық ♦Criticism is part of the price of leadership. – Бастық болсаң сыннан көз ашпайсың. ♦∼ for smth Loneliness is a high price to pay for independence in your old age. – Жалғыздық - қарт жасың(ыз)дағы еркіндігің үшін төлейтін қымбат «баға». ♦Giving up his job was a small price to pay for his children's happiness. – Балаларының бақыты үшін ол жұмысын тастап аздап жапа шекті. ♦The team paid a heavy price for its lack of preparation. – Команда дұрыс(тап) жаттықпағаны үшін омақасты. ♦∼ for doing smth Being recognized wherever you go is the price you pay for being famous. – Әйгілі болсаң жұрт көзінде жүресің. ♦at a… ∼ His success came at a high price. – Табысқа жету үшін ол көп қиналды. 3. (ат жарысында тігілген) бәс (syn: odds) ♦Six to one is a good price for that horse. – Алты да бір - ат үшін тігілген жақсы бәс. 4. (idm) *at any price қаншама қымбат не қиын болса да, қайткенде де, не болса да ♦We want peace at any price. – Қайткенде де бізге бейбітшілік/ тыныштық керек. *at a price қымбат, көп ақша ♦You can buy strawberries all year round, but at a price. – Бүлдіргендерді жыл бойы сатып алуға болады, бірақ қымбатқа. ♦Food is available, at a price. – Тамақ бар, бірақ – қымбат. ♦(ауысп мағ) He'll help you - at a price! – Ол саған көмектеседі – бірақ тегін емес! *beyond price (formal or literary) баға жетпес, аса құнды/ маңызды *cheap at the price (also cheap at twice the price) (also BrE, humorous cheap at half the price) өте жақсы я пайдалы болғандықтан бағасын елемеуге болады ♦To buy all the recommended equipment is expensive, but as an investment for the future it is cheap at the price. – Айтқан жабдықтың бәрін сатып алған қымбат, алайда келешекке инвестиция ретінде қарағанда, өте дұрыс. *everyone has their price (saying) «әркімнің өз құны бар», кімді болсын ақша беріп не айтқанын істеп көндірсе болады *not at any price қандай ақшаға да/ қанша ақша төлесе де болмайды ♦I wouldn't work for her again - not at any price! – Оған енді қанша ақша төлесе де істемеймін! *pay the/a penalty/price (for smth/for doing smth) [қ-з: pay (А7)] *a price on smb’s head біреудің басы үшін тігілген ақша (біреуді өлтіргені я ұстағаны үшін төленетін ақша) ♦Ever since he killed the gang’s leader, there has been a price on his head. – Қылмысты топтың бастығын өлтіргелі бері оны (жою үшін) аңдып жүр. *put a price on smth бағалау, бағасын/ құнын айту ♦They haven't yet put a price on the business. – Олар бизнесінің бағасын әлі айтпады. ♦You can't put a price on that sort of loyalty. – Ондай адалдыққа баға жетпейді. ♦You can't put a price on happiness. – Бақытты ақшамен бағалауға болмайды. *what price…? (BrE, informal) a) осыншама азаптанып табысқа жетіп, атақты болып керек пе? ♦What price fame and fortune? – Атақ пен дәулеттің құны қанша? b) неғайбыл, қайдам, бола қоймас ♦What price England winning the World Cup? – Англия әлем чемпионы болады дейді? B.v 1.бағасын/ құнын белгілеу/ айту/ қою, бағалау ♦be ∼d The main courses are all reasonably priced. – Негізгі тағамдардың бағасы дұрыс. ♦These goods are priced too high. – Мына заттарға тым қымбат баға қойыпты. ♦Their printers are competitively priced. – Принтерлерінің бағасы бәсекеге сай. ♦be ∼d at smth The tickets are priced at $100 each. – Әр билеттің бағасы $100. ♦∼ A dominant firm will price aggressively in markets where it faces new competitors. – Үстем фирма жаңа бәсекелестерге кезіккен кезде рыноктағы бағаны өз пайдасына бұруға тырысады. 2. ∼ smth (up) товарларға баға белгілеу/ қою 3. ∼ smth бағаларды салыстыру/ көру ♦We priced various models before buying this one. – Бұны алмастан бұрын түрлі модельдер бағаларын салыстырдық. 4. (idm) *price yourself/smth out of the market өнімінің, қызметінің, тб бағасы қымбат болып, базардан шеттеу ♦Some leading UK firms are pricing themselves out of the market. – Кейбір белгілі британиялық фирмалардың өнімдері қымбат болып, бәсекеге шыдамауда.